В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Olhast
Olhast
04.02.2021 01:24 •  Қазақ тiлi

Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыңыз

Показать ответ
Ответ:
5мояоценка
5мояоценка
24.07.2022 21:04

Ермұрат Үсенов 1952 жылы 25 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Талды селосында дүниеге келді. 1970-1977 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында домбыра аспабы бойынша бітірген. “ҚР Мәдениет қайраткері”, “Қазақстанның жас композиторлар” конкурсының үш дүркін лауреаты,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, домбыраға арналған көптеген шығармалардың авторы. Еңбек жолын Жезқазған музыка училищесінде оқытушы болып бастады. Мұнда өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жазды. 1981 жылы Н.Тілендиев жетекшілік еткен “Отырар сазы” фольклорлық-этнографиялық ансмблінің құрамына шақырылып, қабылданды. 1990-1994 жылдары Алматы музыка училищесінде, қазір Астанадағы Қазақ ұлттық музыкалық академиясында ұлт аспаптар кафедрасының кафедра меңгерушісі. “Қазақстан композиторлар” одағының мүшесі. Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда 2011 жылдың желтоқсан айында, күйші әрі сазгер Ермұрат Үсеновтің кеші болып өтті. ҚР еңбегі сіңген қайраткер кешті Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына арнады.

Ермұратты замандастары Нұрғиса Тілендиевтің ізбасары деп біледі. Себебі, Жезқазған музыкалық колледжінде сабақ беріп жүрген жерінен Алматыдағы «Отырар сазы» оркестріне шақырған да Нұрғиса болатын. Содан бері сазгер халқына ән де арнады, күй де жазды. «Арулар, қош болыңдар!», «Бабаларға сыйыну», «Жалт-жұлт еткен дүние-ай», «Дариға аққу», «Күзгі әуен» сынды әндерін жұрт сүйіп тыңдайды. «Ұран», «Ана», «Шыңырау – құс» күйлері болса – тыңдарманның қошеметіне бөленген туындылар. Ал сазсырнай, қыл қобызға, хорға арнап жазған шығармалары бір төбе.

Қазақтың дәстүрлі музыкасын бүгінге дейін сақтаған композитор некен саяқ. Жазған әні мен күйінде ұлттық бояуы өшпеген, ерімі қанық, эстрадаға бой алдырмаған шығармашыл азамат екендігі білінеді.

Фантазия дегеніміз не? Фантазия дегеніміз – музыкалық қиял, жалпы қолданылатын музыкалық формадан ауытқып, еркін жазылатын шығарма. Бұл шығармада Абайдың бірнеше әндері қамтылған: « Желсіз түнде жарық ай» әнімен басталып, әрі қарай « Айттым сәлем Қаламқас», «Көзімнің қарасы» әндер арасы музыкалық әсерлеумен жалғасып , бір жәй, бір жылдам ырғақта ойнала отырып аяғына дейін өзінің лирикалық құрылымын жоғалтпайды.

Осының барлығы оқушыға түсіндіріліп, Қалия Шәмшіқызы өзі аспапта ойнап көрсетеді. Ойнап болған соң оқушығы қай жерінде қандай штрихтар, ысқыштың қай бөлігімен ойналатыны, соның ішінде ең бастысы-қай позициялармен ойналатыны түсіндіріледі. Шығарманың ешқандай кедергісіз, жалқы дыбыстар шықпай сызылған лирикалық әуенде ойналуы, техникалық кедергі болмауы үшін позициямен ойнаудың ролі өте үлкен.

Бұндай күрделі шығарманы бір позициямен ойнау мүмкін емес. Бұнда қобызда пайдаланылатын негізгі 1-2-3-4 позициялардың барлығы қамтылады. Тек оқушының жұмысы сол 1 позициядан 2 ші позицияға дұрыс ауысуын ойлана қойып, таба білуі. Не ашық ішек арқылы, не екінші, не үшінші саусақ арқылы, не полутондар арқылы т.б.

Әрі қарай шығарма баяу ырғақта талданды. Позициядан ауысатын жерлері карандашпен көрсетіліп, саусақтары қойылып отырады. Позицияға ауысу кезеңі оқушыға сұрақ бере отырып жасалынады. «Сен қалай деп ойлайсың, 1 ден 2 позицияға қандай жолмен өтуге болады, сен қалай етер едің» деген сұрақтар бір жағынан оқушының есінде ұзақ сақталып, келешекте өзінің дұрыс шешім қабылдауына көп әсерін тигізеді

.Арасындағы әндер вариациялары, әсемдік бояулары динамикалық белгілермен берілген өте әсем, өте керемет шығарма. Бұл шығарманың оқушы жүрегіне жол табары сөзсіз.

Қорытынды: Оқушыларға кейінгі кездерде көбіне жаңа шығарманы бейнетаспадан тыңдатуға тырысады. Бұл әрине, заман талабына сай да болар. Дегенмен, оқытушының өзі аспаппен күйсандыққа қосылып ойнап бергені әлдеқайда көп әсер қалдырады. Шығарманы талдай және ойнай отырып, оқушы өз елінің әндерін сүюге, жүрегі қалап ойнағаннан кейін аспапқа деген «үйренсем» деген құштарлығы арта түседі. Ал шығарманы талдап ойнаймын деп отырып, позициямен ойнаудың қыр сырларын, саусақты дұрыс қоя білуді, музыканың реңдік бояуларын орынды пайдалана білуді, саусақ техникаларын жылдам игеру жолдарын қалай тез үйренгенін байқамай да қалады. Шеберлік сабағы осы мақсаттарды алға қоя отырып, жүйелі түрде өткізіледі.

   
0,0(0 оценок)
Ответ:
Finikotik
Finikotik
29.03.2020 04:23

Объяснение:

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.

Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді.

Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота