Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды роль атқарған әрі бүгінгі күнге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.
Ортағасырлық Ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, бүгінгі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қаншалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы Еуропалық ренессанс дәуірінің басталуына алып келіп, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.
Ислам мәдениетінің гүлденуі ортағасырлық ислам философиясының ірі өкілдері әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, әл-Ғазали, ибн-Рушд сынды алып тұлғаларды өмірге алып келді. Ең бастысы, мұсылмандық Шығыс эллиндердің ұлы рухани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Ортағасыр Ислам философтары Аристотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, Шығыс перипатетизмінің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне аударды. Бұл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұрпақты естен шыға бастаған эллиндердің рухани мәдениеті мен еркін ойлауға, өмірге деген сүйіспеншілік көзқарастар негізінде тәрбиеледі. Осы кітаптардан бастап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғымы дүниеге келді. Ренессанс – бұл эллинизмнің Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Батыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл Батыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.
Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты жоғары деңгейде болғанына көз жеткіземіз. Философияда Фараби иждихад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам секілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мәселелер бойынша лайықты шешім қабылдай алатын еді.
70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.
Анамның ақ сүтімен келген білім,
Босағада боздап-ай жылап тұрған.
Дінім мен иманым да сол күндерде,
Христостың аяғында болған құрбан.
Жетім бала сатылып көрші елге,
Қазақтың сәбилері көп жылаған.
Қарттар үйі көбейіп, ана жылап,
Туған жердің тағдыры күлкі болған.
Әсіресе, айырылып бостандықтан,
Қазақ елі қайырылды қанатынан.
Өктемдігі ресейдің жан шошырлық,
Ата-баба ақ жолы ұмыт болған.
Колбин деген бәлесін сайламақ боп,
Елбасына сол күні қатер төнген.
Дінмұхаммед атаның еңбегіне,
Көз алартып кеңестен, қайғы енген.
Сен үшін қанша адам болған құрбан,
Сен үшін жылады екен қанша ана?
Қанша адам қырылып қанға бөккен.
Желтоқсанның ызғары зарлы екен.
Қайрат, Ләззат, Сәбираға баға жетпес,
Асылдар алып берген тәуелсіздік.
Сен үшін менің мынау жаным құрбан,
Тәуелсіз ел – Отаным құдай берген.
Назарбаев ағамды жақсы көрем,
Көрегендік, жақсылық ойлап жүрер.
Ең алғаш егемендік ту ұстаған,
Мәңгілік жүректерде нұр боп енер.
Қазақ елі дамыды күндер санап,
Әрбір таңын егемендік жырға балап.
Қара жерге табынып өсе бердік,
Көк туымыз қолымызда әнді жалғап.
Әртүрлі салалар бар өркен жайған,
Білімді, мәдениетті дамытты адам.
Жасампаз миллион жұрты қазағымның,
Жарқылдады үміті көрік шашқан.
Табынып Бекет ата тұрағына,
Үш жүз алпыс әулиеге тәуеп еттім.
Тәуелсіздік қыраны самғады ғой,
Мен бақытты екенмін дәл осы күн!