Берілген сөздермен сөз тіркестері арқылы тақырыпты ,көтерілетін мәселені болжаңыз.Себебін түсіндіріп мәтінге тақырып беріңіздер.
Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер:
Әбу Насыр әл-Фараби,Шғыстың ұлы ойшыл ,ғалым,Түркістан облысы,Отырар қаласы, орасан мол мұра қалдырды,көзі тірісінде, әлем ғалымдары «Екінші ұстаз» ,Фараби трактаттарының саны , еңбектер дүниежүзіне, көптеген тілдеріне, араб,парсы,латын,ағылшын,неміс,француз,испан,орыс,қазақ,өзбек . 80-нен астам шығармасы .
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.