Біздің отбасымызда екі бала бар: мен және менің әпкем. Ол менен екі жасқа үлкен. Біздің мінездерімз әртүрлі болғанына қарамастан, екеуіміз өте жақынбыз. Кішкентай кезімізден бастап көп уақытты бірге өткіземіз. Отбасындағы ең кіші баланы көбірек жақсы көреді деп айтады. Бұл біздің отбасымыз туралы емес — әпкем екеумізге ата-анамыз бірдей көңіл бөледі. Әпкем екеуміздің арамызда тек туыстық байланыс емес, ол менің досымдай да бола алады. Біз кез-келген уақытта бір-бірімізге сенім артып, құпияларымызбен бөлісеміз. Тіпті ата-анам білмейтін сырларымды айтамын. Осындай әпкем барына өте қуаныштымын және мақтан тұтамын.
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.

Объяснение:
Оқи салшы))