Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 70-80 сөзден тұратын сипаттау эссесін жазыңыз. Жазып болған соң, жұмысыңызға қайта көз жүгіртіп, жұрнақ арқылы жасалған және
күрделі сөздердің бар, жоғын анықтап, астын сызыңыз.
Эссе құрылымы
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Тезис (пікір) аргумент
• Қорытынды
1) Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын
білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар:
«Уақытыңның босқа өткені - өміріңнің бос кеткені». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай
өткізетінін сипаттап эссе жазыңыз. Мәтін құрылымын ескеріңіз.
2) «Қазақстанның Қызыл кітабы» — Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген
және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені
белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз және олар неліктен осы
кітапқа енгізілді? Жауабыңызды сипаттап эссе жазыңыз. Мәтін құрылымын ескеріңіз.
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.