Үшеүі жүкті көтеруге кіріседі. Аққу көкке тартса, шаян кейін тартады. Ал шортан суға қарай тартыпты.Мысалдан біз үшеуінің бірлесе жұмыс жасамағанының куәсі болып отырмыз.Осыдан біз мынадай мақалды еске түсіреміз "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", "Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады" Жүктің орнынан қозғалмаған себебі,оларда ауызбіршілік болмады. Оны ақын мына жолдарда көрсеткен: "Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан "пәлен" деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Егер түйіндейтін болсақ, "Бірлік жоқ болса,ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ".
Әке, ана – өмірдің мәні де сәні де осылар. Ата-ана өміріміздің шамшырағы, отбасының негізгі дінгегі, дәнекері. Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу-айырықша парыз. «Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Мұзды бесік таянған, — ана баласын көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызады. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосады. Бала үшін бәріне баруға бар ананы сол үшін де ерекше құрметтейміз. Ата-ана әрбір адамның қайта айналып соғар алтын қазығы. Оған деген сүйіспеншілік тек жүректен шығу қажет. Әрбір адам адамзаттың өз ата-анасының мөлдір махаббатына бөленуге бірден-бір құқылы. Ата-ананы сыйлау – бұл перзенттік парыз десекте болады.
"Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан "пәлен" деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Егер түйіндейтін болсақ, "Бірлік жоқ болса,ұйым жоқ. Ұйым жоқ болса, күйің жоқ".