Биоалуантүрлілік табиғаттағы тұрақтылықты сактайды. Оған аң-құс, өсімдік, саңырауқұлақтар жатады. Кеміпбара жатқан аң-құсты сақтау ке рек. Табиғаттағы улы зиянкес жәндіктер, киянат жасамайтын тіршілік иелерi экожүйенi сақтауға көмектеседі.
*Сұраулық демеулік бар 2 сөйлем жаз*
Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазақ тілі пәніне түбегейлі өзгерістер алып келді, мұғалімнің алдында тұрған міндеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұғалім оқулықта берілген нұсқау бойынша білім беруші рөлін өзгертіп, сын тұрғысынан ойлай алатын оқушыны тәрбиелейтін фасилитаторға, нұсқаушыға айналды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушыға оқулықта ұсынылған материалды емес, әдеби шығармаларға қоса, мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткаларды мәтін ретінде ұсынып, оқыта алады. Бұл өз кезегінде мұғалімге шығармашылыққа кең құлаш жаюға мүмкіндік бере тұрғанмен, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артуда. Мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткалар мәтін болатын болса, «оларды қалай таңдаймыз, қандай параметрлермен өлшейміз, мәтінді сыныпқа әкелмес бұрын нені ескереміз, қандай белгілеріне қараймыз?» деген сауалдар көп туындайды.
Дәрігер
1)Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын.
Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым.
Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.
2)Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп. Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.
Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.
Мен өскенде дәрігер боламын!