В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Arse12345
Arse12345
08.01.2023 21:47 •  Қазақ тiлi

BMW туралы мәліметтер​

Показать ответ
Ответ:
федяступкин
федяступкин
18.03.2021 16:48

Bayerische Motoren Werke, BMW (баварлық мотор зауыты) — Германияның мотор және автомобиль жасап шығарататын компаниясы.

Объяснение:

913 жылы Мюнхеннің солтүстік төңірегінде Карл Рапп және Густо Отто, двигательдің ішкі жануын ойлап тапқан Николаус Августа Оттаның ұлы, екі шағын авиамотор фирмасын жарыққа шығарады. Бірінші бүкіл әлемдік соғысының басталуы бірден көптеген самолеттің двигательдарына тапсырыс береді. Рапп пен Отто бір авиамоторлық заводта бірге жұмыс істеуін шешеді. Сөйтіп Мюнхенде авиациалық двигательдер заводы ашылады, 1917 жылдың шілде айында Bayerische Motoren Werke («Баварлық мотор заводы») — BMW деген атпен тіркеледі. Осы күн BMW -ның жарыққа шыққан күні деп есептеледі, ал Карла Раппа мен Густава Отто оның иелері болды.

1917 жылы ең бірінші қабылданған танымбелгіде айналып тұрған пропеллердің суреті бейнеленген. Бірақ танымбелгі өте қиын және ұсақ болды, сондықтан 1920 жылы пропеллер көп өзгерістерге ұшырады. Пропеллердің шеңберін төрт бөлікке бөлді, ақ және көгілдір секторлар қара дөңгелектің ішінде кезектесіп орналасты.

Бірінші дүниежүзілік соғысында, Германия жеңіледі. Версаль келісімі бойынша, Германияға әскери ұшақтарын өңдеуге тыйым салынған.БМВ ұшақтардың пропеллерлерін өңдеуді тастап, темір жолға арналған саймандарды өңдеуге басталды.

1923 жылы БМВ-нің алғашқы мотоциклі өндірілген.

1928 жылдан бастап, БМВ автокөліктерді өңдеу басталды. Алғашқы моделі DIXI еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Алмания екіге бөлінді, Батыс Алманиясының экономикасы қарқындап даму басталды. БМВ - "алман экономикалық ғажабы" нышандарының бірі еді. 1965 жылы шығарылған седанді Алманияның канцлері Конрад Аденауердің өзі қатты ұнатқан.

Алғашқы өнімі - DIXI 1929 жылы шығарылған.

Қуат пен эстетика 5 сериялы седанда іске асырылды. Осы автокөлікті жасаудың негізі — «Рульдегі рахат» BMW концепсиясын терең меңгеру. Ал қуатты двигателі бар инновациялық седанның өзін жеңіл алып жүруі демалудың жаңа бір бөлігін ашады. BMW 5 сериясының әр элементі жолдағы автокөлікке деген сенімділікті айғақтайды.

BMW-ның 7 сериясы ең қарқынды, әрі премиум классының сәнді автокөлігі болып табылады. BMW-ның жаңа 7 сериясының сыртқы кескіні таңқаларлық әдемі, ол басқа көліктерден жылдам әрі жеңіл. Бұл көліктің түрі — шексіз қуат көзі. Ол сәнді әрі өзіндік стилімен ерекшеленеді. BMW-ның 7 сериясы 1990-ларда, әсіресе, бұрынғы Кеңес одағының республикаларында - Ресей мен ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстанда да, жаңа байып кеткен жас кәсіпкерлердің, тіпті рэкетирлердің қатты ұнататын автокөлік еді. Жұрт ішінде оны "бумер" деп атаған.

BMW X5 моделі бұл тау-тасты жерді оңай жүріп өтетін және спорт автокөлігіне кіретін автокөлік. Бұл көлікте: қуат, жайлылық, жылдамдық, сапа және жоғары бедел бар. BMW X5 белсенді демалысқа арналған спорт автокөлігі.

BMW Alpina B5 Biturbo Touring

Жаңа 6 сериялы BMW купесі аңызға айналған GT қатарындағы автокөліктерінің салтын жалғастырушы спорттық және жеңіл айдалатын автокөліктердің бірі. HAMANN MOTORSPORT тюнинг-ательесінің мамандары 6 серияны жетілдіріп, таңқалдыратын HAMANN 645Ci HM 5.2 спорттық купесін дүниеге әкелді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота