Бокстағы аңыз адам» тақырыбында берілген мәтіннен мәліметтерді жинақтап, постер немесе сызба-кесте жасаңыз. (Соберите информацию из текста по теме «Легенда о боксере» и сделайте плакат или схему.) Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келді. Ол қарапайым отбасында дүниеге келді. Әкесі - Геннадий Иванович кенші болған. Анасы - Елизавета Сергеевна химиялық зертханада лаборант болып жұмыс істеген. Геннадий 2005 жылы кәсіби боксқа кетті. Геннадий Головкин танымалдыққа бірден келген жоқ. Ол кәсіби бокста 40 рет жұдырық түйістіріп, оның 38-інде жеңіске жеткен, 34 жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді. Өзі ешқашан нокаутқа түсіп көрмеді. Ол үнемі жаттығу жасайды. Оның алғашқы жаттығуы таңғы жетіден басталады. Головкин арнайы диета сақтамайды. Бірақ қант, май қолданбайды және газды сусын мүлдем ішпейді. Спортшының өзі ет пен балықты жақсы көретінін айтады. Күніне 4 рет тамақтанады. 2017 жылы 16 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рингке шығып, 12 раунд өткізді. Кездесу тең есеппен аяқталды. 2018 жылы ақпанда Головкин "Бокстағы аңыз адам" сыйлығының иегері атанды.
Сыйлықты қалай сыйлау керек?
Жалпы, сыйлық сыйлаудың да, сыйлық алудың да өз мәдениеті бар. Сыйлық сыйлау – жақсы қарым – қатынастың, сыйластықтың белгісі. Ендеше, сыйлық сыйлаудың да өзіндік тәртібі бар екен.
Алдымен сыйлықты анықтап алу керек. Бұл – сыйлық таңдаудың ең негізгі кезеңі десек те болады. Бұл орайда барлығын ескеру керек: сыйлық алушының талғамы, сыйлық ұсынылатын себеп және сыйлыққа жұмсалатын қаражат. Сыйлықтың алушыға ұнауы тікелей осы факторлерге байланысты. Ал егер сіз сыйлық алушының талғамын білмейтін болсаңыз, оның өз ойын сұрау әбестік емес.
Сыйлықты таңдап, сатып алғаннан кейін оны әдемілеп қаптап, безендіру артық болмас. Ол үшін сыйлықтың түріне қарай қорапша, жылтыр қаптама немесе сыйлық сөмкесін пайдалануға болады.Бұл да сыйлық алушыға ұнайтыны сөзсіз. Бұл сіздің сыйлық таңдаудағы ізденгендігіңізді, сыйлау үшін ұзақ дайындалғаныңызды, соынмен қатар сіздің көзқарасыңызды білдіреді. Сыйлықты ашықтан-ашық бере салу – сыйлық беру әдебіне жатпайды.
Енді ең маңызды кезең – дайындалған сыйлықты тапсыру. Сыйлықты ұсынарда бірнеше сөз айтып, тілек білдірген абзал. Бірақ, бұл сөздер сыйлықтың бағасы жайлы болмауы шарт, ол әдепсіздіктің белгісі саналады.
Ал сіз сыйлықты қалай сыйлайсыз?