Бауырсақ – қ шағымыздан бері сүйіп жейтін тоқашымыз. ол әрқашан кез-келген үйде, кез-келген жағдайда біздің дастарханымыздан табылады қажет азық-түлігіміз: ұн – 6-7 стақан су (жылы) – 500 мл қант – 2 асқасық сұйық май – 0,5 стақан ашытқы – 2 шай қасық тұз – 1 шай қасық 1. алдымен суға + ашытқы + тұз + қант салып, араластырамыз. 2. ұнға майымызды құйып, қасықпен араластырамыз ұнның үстіне дайын суымызды жайлап құйып, қамыр илейміз, судың 400 мл-і қамыр илеуге, 100 мл-і,қамыр қолға жабысқанда қолды сулап тұру үшін қажет. 3. егер су қалып қойса, қамырды сулап қоямыз, сол кезде қамырымыз жұмсақ болады. 4. бетін пленкамен жауып, жылы жерге қоямыз 30 минутта ашуы керек. 5. қамрымызды бір қайтарып, үш немесе одан да көп күлшеге бөлеміз ұн сеуіп, жаямыз стақанмен жайған қамырымыздың үстін басып, осылай бөліп аламыз, төрт бұрышты қылып кесуге де болады. маған осылай ұнайды. 6. бетін 15 минутқа жауып қоямыз, тағы да көтерілу керек. 7. қызған майға пісіріп аламыз.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O