В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sergiykorolkov8
sergiykorolkov8
15.07.2021 04:32 •  Қазақ тiлi

Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге

келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева

Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік

ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы өз қанжығасына

еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын

1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы

бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік

университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14

жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО

халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте

Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ

Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада

ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО

чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып,

Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен

айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына

үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып,

коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР

президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм

және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі ешқашан

ұмытылмайды, оның есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.

2. Мәтіннен есімдіктерді тауып, мағынасына қарай ажырат

Показать ответ
Ответ:
Катя02122003
Катя02122003
02.09.2021 20:13
Сақ дәуірінен   сақталған ескерткіш.  1997   ж. қазақстанмен шекаралас  алтай   өңірінің локоть ауданы аумағынан  ресей   ға  сібір   бөлімшесінің қызметкері  п.шульга   тапты. алтайдың алтын   есік обасынан   табылған алтын ға ұқсас, киімі алтын тоғаларға толы. алтын әшекей бұйымдар саны 1800-ден астам, салмағы 1 кг-ға жуық. мүрде үстіне жабылған  киіз   жапқыштардан да алтын қиыршықтары табылды. археологиялық зерттеулер бұл ң. 5–4 ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының өкілі екенін дәлелдеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
марко19
марко19
25.08.2020 15:15

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағандыдағы Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған «Қазақстан - достықтың киелі бесігі» атты кездесу болып өтті. Бұл этномәдени бірлестіктер өкілдерімен облыстың басты кітапханасында ұйымдастырылып отырған алғашқы кездесу емес. Мекеме қызметкерлері Халықтар бірлігі күні қарсаңында презентациялар, дөңгелек үстелдер және әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған. Тәуелсіздіктің  25 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аймақтағы түрлі концерттік бағдарламаларға, облыстық спартакиадаларға атсалысып, Достық үйінде өз ңс-шараларын ұйымдастырумен белсенді айналысып келеді. Аталмыш кездесудің басты мақсаты - облысымыздағы этномәдени бірлестіктер қызметімен таныстыру, олардың ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға және жас ұрпақты ұлтаралық келісімге тәрбиелеу. Кездесуге «Дакия» румын мәдени қоғамы» және «Казачья вольница» қоғамдық бірлестіктері, «Видергебурт» неміс орталығы»  облыстық қоғамы, «Полония» облыстық поляк қоғамы, «Идел» татар және татар - башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігі қатысты. Этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжым мүшелері кешке қатысушыларды өз өнерлерімен таныстырды. Концерттік бағдарламаны  «Видергебурт» неміс орталығының би ансамблі ашты. Музыкалық сәлемдемені белгілі «Казачья вольница» халықтық ансамблі жалғастырды. Румын мәдени қоғамының солисі заманауи өңделген халық әнін орындап, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Т.Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілі серіктестігінің мүшелері қазақ тілінде ән айтып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Этномәдени бірлестіктер төрағалары өз сөздерінде этномәдени орталықтардың қызметіне тоқталып, қазақ және ана тілін оқытатын жексенбілік мектептер жөнінде баса айтты. Сондай-ақ, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және халық шығармашылығын дамытудағы атқарылып жатқан орасан зор жұмыстарды айрықша атап өтті. Облыстық әмбебап кітапхана басшылығы іс-шара қатысушыларын келе жатқан Халықтар бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, этномәдени бірлестіктер төрағаларына алғыс хаттарды табыс етті. Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханаға этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестікті жалғастырып келе жатқан игі істері үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің басты қызметіміз бірлік пен біртектілікті, этносаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Бастамаларымыз қолдау тауып, еңбегіміз осылай бағаланып  жатса – біздің міндетіміз орындалды деп білеміз, - деп аяқтады өз сөзін «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семен Раков.Кеш соңында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму кезеңдері және Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктері жайлы әдебиеттерден тұратын «Біздің байлығымыз - бірлікте» атты кітап көрмесімен таныстырды. 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы және басқа да ірі іс-шаралар атап өтіледі. Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағы жылда өткізілетін басты оқиғаларға ақпараттық қолдау көрсетуде белсенді атсалысады. Қазақстан халқы бірлігі мейрамы – 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні деп белгіленген жарлыққа қол қойған болатын. Егемен ел атанғалы бері бұл мереке ерекше мазмұнға ие болып, қазақстандықтардың ұлт айырмашылығы мен діни сеніміне қарамастан, берік бірлігіміздің, ажырамас достығымыздың нышанына айналды. Олай болса, гүлденген, болашағы зор мемлекетте өмір сүруіміз заңдылық деп сенімді айта аламыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота