Бір ауыз сөзбен ешбір күн шалмас қараңғылыққа сәуле шашуға болады. Бір ауыз сөзбен жазылмас деген жан жарасын жазуға да болады. Бір ауыз сөзбен өлтіруге де болады.Ежелден-ақ қазақ елі сөздің қадірін біліп,жоғары қойған.Артындағы жас өрендерге «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле» деп тәрбие берген.Алайда,бұл қастерлі екен деп жөн-жосықсыз сөйлей беруге де болмайды.Дана халқымыз:“Көзі жоқ, құлағы саудың – ақылы толады,құлағы жоқ, көзі саудың – ақылы солады” деп бекер айтып кетпеген.Сөйлеместен бұрын ести алуың керек.Өзгелер айтқан сөзге құлақ түріп,сараптан өткізуің қажет.Керектісін тіпті жадыңа сақтап ал.Осылайша зейін салып тыңдау арқылы ғана сен өзгелерге өзіңді ұйып тыңдаттыра аласың.Кешегі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да туа сала сөз кемеңгері болмады.Жастайынан әже мен ана,ел аузынан небір қисса,дастандарды, аңыз-әңгімелерді тыңдап өсті емес пе?
“Адам құрсағынан арықтамайды,
құлағынан арықтайды” деген бір-екі ауыз сөзде де зор мән бар.Адам өз құлағы арқылы таңғажайып жылы,әсем сөздерді ғана емес,лас,дөрекі,жүрекке тиер сөздерді де естиді.Міне,мақалдың ойы осында.Құлағыңды ақпа құлақ етпе,онымен тұрпайы сөздерді тыңдама.Одан да жылы-жылы сөздер тыңдап, рухани азық ал,гүлден.
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы
Н. Назарбаев
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады.
Сөз анасы – құлақ.

Объяснение: