Д е
Адам денсаулығының жақсы болуына оның көңіл күйі мен ен.
регінде болып жатқан жағымды өзгерістердің маңызы ерекше. Қуа.
ныш, сүйініш, таңдану, сүйіспеншілік сезімдері адамның денсау-
лығына жақсы әсер етеді. Оның дене құрылысының өсіп-жетілуін
жақсартады, жұмыс істеу қабілетін арттырады. Ал болмашы нәрсеге
күйіну, қайғы-қасіретке түсу немесе біреудің табысына қызғаныш біл
діру, жек көру сезімдері адамның денсаулығын нашарлатады.
Әлемге әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина ауруларды емдеп, сауықты-
руда дәрілер мен хирургиялық әдістерден бұрын жылы сөздің қажет-
тігін айтқан. Біздің ата-бабамыз сөздің әсер ету күшін біліп, көптеген
мақал-мәтелдер қалдырған: «Жақсы сөз жан семіртеді», «Жылы сөз
жанға қуат береді», «Жақсы сөз жанды айықтырады, аурудың жазы-
луына жәрдемін тигізеді» т.б.
Адамның рухани күйі мен ішкі сезімі – денсаулықтың кепілі. Көңіл
күйді жадыратып, жүрекке жылы тиетін жақсы сөздер деніңіздің сау
болуына әсер етеді. Себебі жан мен тән егіз. Халқымыздың «Жаны
саудың тәні сау» деген мақалы өмірден алынған. мәтіндегі тірек сөздерді теріп жаз
Ақсақ киік
Басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасындағы қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.
Кедей ауылдың сыртында ойнап жүрген топ бала бұл көрініске таңырқай қалыпты. Киіктер көзден таса болып, қуғыншылар әбден көрінбей кеткенше топ бала аттылар соңында қалған бозғылт шаңның сүреңіне қарады да тұрды. Әсіресе, топ ішіндегі жасы онға жаңа келген қыз бала әлгі көрініске зер сала қарады. Жас болғанымен оның жүрегінде әлде бір аяныштың ізі қалып қойғандай еді.
(91сөз) С.Бақбергенов
Объяснение: