Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта - мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде, өнерде алар белесімізді өрнектеп көрсетеді. Ал аудандық мәдениет үйінен сыналып, бағаланып шығатын, киелі сахнадан шыңдалатын өнерпаздардың өмірдің үлкен белестерінен алар орыны ерекше болмақ. Осындай жас өрендерді шыңдамақ ниетпен қараша айының 3-ші жұлдызында аудандық мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында аудандық XIV «Арқа үні» фестивалі өткізілді.Аудандық фестивальдің мақсаты мен міндеті- халық шығармашылығы мен жеке орындаушылардың шеберлігін дамыту, талантты орындаушыларды анықтау, жас дарындарды қанаттандыру еді. Фестиваль жас мөлшерінің ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңге бөлінді. 3-5 жас аралығындағы кішкентай талапкерлер «Еркетай» байқауында бақ сынаса, ал 6-9 жас аралығындағылар «Күміс қоңырау» байқауы бойынша өнер көрсетті. «Әнші балапан» байқа- уында 10-13, 14-16 жас аралығындағы жас жеткіншектер бар өнерлерін ортаға салып, халықты тамаша әндерімен сусындатты.
Көпті көрген дана болар, Қартайып кетсе бала болар. Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай құнаннан. Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер. Адам қартайса да, көңіл қартаймайды. Сексен – жермен-жексен. Көп жасаған құрдасынан айрылар. Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің. Шөп те басынан қурайды. Ат қартайса ұрыншақ болады, Ер қартайса, жаңылшақ болады. Ат тұяғын ат басар. Ат қартайса, есекпенен достасады . Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған. Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады. Жастық – жалын, кәрілік – күл. Жаман жігіт жасында шал. Кәрілік – дауасыз дерт. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті. Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.
Ақыл жас ұланнан, Жүйрік тай құнаннан.
Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер.
Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.
Сексен – жермен-жексен. Көп жасаған құрдасынан айрылар.
Жүре берсең, көре бересің, Көре берсең, көне бересің.
Шөп те басынан қурайды.
Ат қартайса ұрыншақ болады,
Ер қартайса, жаңылшақ болады. Ат
тұяғын ат басар.
Ат қартайса, есекпенен достасады
. Жігітінде жігіт болмаған Өмір есесінен құр қалған.
Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
Жастық – жалын, кәрілік – күл. Жаман жігіт жасында шал.
Кәрілік – дауасыз дерт. Сақалға ақ түсті, Көңілге дақ түсті. Қарсы келсе кәрілік, Қара нарды шөктірер. Жаман киім жасты кәрідей етеді, Кәріні перідей етеді.