Дүйсенбиев «Күшті болсам мен егер» Мәтінді тыңда. Асқардың сөзінен қандай қорытынды шығаруға болатынын тап.
Асқар елге қамқорлық жасағысы келеді, тек жақсылық тілейді.
Асқар елге танымал болуы үшін мықты болғысы келеді.
Асқар күшін көрсету үшін түрлі әрекеттер жасағысы келеді.
Асқар Ақанның айтқанымен келіседі, оны қолдайды.
Артқа
Тексеру
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.