Дар.
ca
Кең даламызда саяхаттың сан алуан түрін дамытува ..
мол. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрі —
Саяхат – белгілі бір аймақпен танысу, оны зерттеу ..
мақсаттармен іске асырылатын шаралар. XVIII-XIX
152
туға мүмкіндік
турі – саяхат,
птеу және т.б.
ІІ-ХІХ ғасырларға перевести
«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,
тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев
1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .
Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.
Астана күні қалай тойланады?
Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Астана күні елімізде мемлекеттік мереке саналады, әр жылдың 6 шілдесінде қала күні аталып өтіледі. Жыл сайын бұл күні бүкіл Қазақстан бойынша ауқымды іс – шаралар өткізіледі: ұлт аспаптар оркестрінің концерттері, көрмелер, халықтық серуендер, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар, ұлттық өнер фестивальдері ұйымдастырылады. Елордаға алыс – жақын шетелдер мен еліміздің барлық аймақтарынан қонақтар мен әртістер келіп, мерекелік концертке қатысады. Қала күні қарсаңында басталған мерекелік іс – шаралар айдың соңына дейін жалғасын табады. Бұл күні жас жұбайлар отау тігуді де дәстүрге айналдырған. Мерекенің соңы мерекелік отшашумен аяқталады.