В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sashok0031
sashok0031
05.09.2020 21:12 •  Қазақ тiлi

Дайте реферат на тему алатау на казахском языке

Показать ответ
Ответ:
Xafe456
Xafe456
02.10.2020 03:42
Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. К арлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған.Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде.  Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр.Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет өнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен өнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар. Еліміздің зиялы қауымы да әзірге Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.                                                                                   
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота