Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріп жазыңыз.
Қ\с Шығармадан үзінділер Идеясы
1
«Ғажайып ертегілер еді... дүниедегі жақсылық
атаулының бәрі-бәрі:ертік те, ізгілік те, сұлулық пен
ақылдылық та, әйтеуір, адамға тән небір асыл
қасиеттің барлығы сол Аянныі ертегілерінде
болушы еді. Аян батырлық туралы ертегіні
айтқанда, біз – алым-жұлым киінген қара борбай
балалар, бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып,
шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат
ойнақтатып жауға қарсы арыстанша ақыра шабатын
нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді.
Өмірімізде қосауыз мылтықтан өзге ештеңе
көрмесек те, жарқ-жұрқ еткен көк семсер тұрғанда
зеңбірек, пулемет дегендер айтар сөзге, көңілге
олқы түсіп, ойыншық сияқты болып қалатын.»
2
« Сарысу іркілген атқораның іші тұншығардай
қапас, тымырсық еді. Тастай қараңғы. Төбесіне ұя
салған торғайлардың, олардың шырылдаған
қызылшақа балапандарының үні құлақты
тұндырады. Құжынаған шыбындардың ызыңы бір
басқа. Қараңғылыққа көзім үйренгенше есік
алдында тұрдым да, онан соң қабырғаны жағалап
түкпірге қарай жүре бастадым. Аяқ асты сазданып,
басқан сайын шұрқ-шұрқ етеді. Түкпірге де жеттім.
Аян қараңғы бұрышта біруыс боп бүрісіп, екі
алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр
екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де,
қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі
қып-қызыл боп кетіпті. Маған қарады да өз-өзінен
жымиып күлді.»
идеясы керек
2 мәтіңен
Менің болашақта полиция қызметкері болғым келеді. Полиция қызметкерлерін қатты құрметтеймін. Бұл мамандық өте керемет. Полиция қызметкерлері өте батыл әрі салмақты болып көрінеді. Және формалары өзіме ұнайды. Олар қоғамда үлкен рөл атқарады. Заң бұзушыларды қолға түсіреді. Бұдан біраз жыл бұрын достарыммен полицей мен заң бұзушы болып ойнаушы едік. Маған сол ойын қатты ұнайды. Менің полиция қызметкері болу менің арманым. Әрине, мамандықтың оңайы жоқ, бәрі өз қиындығымен. Полиция мамандығыныңда қауіпті, қиын тұстары болады. Менің осы мамандықты таңдау себебім де осы болатын. Мен өте батылмын, қиындықтардан қорықпаймын сондықтан да полиция болуды бұрыннан қалаймын. Мен болашақта полиция қызметкері болатыныма сенімім зор !
Апиын” соғыстары – Батыс Еуропа елдерінің Қытайға қарсы жүргізген соғыстары. Бірінші “апиын” соғысы 1840 – 42 жылдары болды. Соғысты Англия бастап, Қытайды тәуелді елге айналдыру мақсатын көздеді. 1840 жылы маусым айында басталған соғыстың сылтауы ағылшын отаршыларының контрабандалық жолмен сауда жүргізіп тұрған апиындарын 1839 жылы Қытайдың үкімет комиссары Линь Цзэ-сюйдің жоюы болды. Ағылшын және Қытай әскери кемелерінің арасындағы қарулы қақтығыстар 1839 жылдың соңында-ақ басталып кеткен еді. 1842 жылы ағылшындар Сянган (Гонконг) аралын, Динхай, Нинбо, Сямынь, Шанхай, Чжэньцзян қалаларын басып алды және 1842 жылы тамызда Нанкинге таяп келді. Қытай халқы басқыншыларға қатты қарсылық көрсетті (Гуандуньдегі шаруалар қозғалысы). Алайда Цинь үкіметі елді қорғауды ұйымдастыруда қабілетсіздік танытып, халықтың қолдауын пайдалана алмады. 1842 жылы 29 тамызда Нанкин бітіміне қол қойылды. Екінші “апиын” соғысына (1856 – 60 жылдары) Англиямен бірге Франция да қатысты. Қытайдағы азамат соғысын (Тайпиндер көтерілісі) пайдаланып, Англия 1856 жылы Гуанчжоу ауданында әскери қимылдарын бастады. 1857 жылдың басында оған Франция қосылды. 1858 жылы әскери қимылдар астаналық Ужили провинциясының аумағына ауысты. 1858 жылы мамырда ағылшын-француз армиясы Дагу портын басып алып, Тянь-цзинь мен Пекинге қауіп төндірді. Қытай үкіметі Англия және Франциямен кіріптарлық шарт жасасуға мәжбүр болды. Бір жылдан кейін Қытайдан жаңа жеңілдіктер алу мақсатымен Англия мен Франция соғыс қимылдарын қайта бастады. 1860 жылы тамызда ағылшын-француз әскерлері Тяньцзиньді, қазанда Пекинді басып алды. Қытай үкіметіне жаңа кіріптарлық шарттар таңылды “Апиын” соғыстары Қытайдың жартылай отарға айналуындағы маңызды кезең болды.