В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
25durak
25durak
27.06.2020 17:51 •  Қазақ тiлi

Әдемі сөзіне сатылай талдау​

Показать ответ
Ответ:
pavunoxe
pavunoxe
29.03.2023 01:08

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңының 1-бап, 1-тармағында «Жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары» деп көрсетілген.

ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 14-29 жас аралығындағы жастар саны шамамен 4 436 210 адамды, немесе жалпы халық санының 27,1% құрайды. Жастардың көпшілігі, яғни 57,6% қалаларда тұрады. Қала жастарының саны 2 397 000 адамды құраса, ал ауыл жастарының саны – 2 039 210 адамды құрайды екен.

Енді осы жастарды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп қарастырып көрейік. 14 – 17 жастағы жас өспірім мектеп жасындағы оқушылар. Олар қалай оқып, не істеп жүр, бос уақыттарын қайтып өткізуде? Өкінішке орай, Абайдың «Артық білім кітапта», - дегініндей, көпшілігі кітапханаларда емес, интернет клубтарда, спорт кешендерінде емес, ойық-сауық орталықтарында т.б. жүргенін көреміз. Бұл жерде кінәлі кім деген заңды сұрақ туары даусыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін, қазақтың мағдайына біткен біртуар данышпан ұлы ақын Абай атамыздың отыз сегізінші сөзінінен үзінді келтірелік:

«Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат дәфғы мұзарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білер деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Оның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады, я ол балалары өздері барған болады - ешбір бәһра болмайды».Яғни, тікелей әсер ететін ата-ана, одан қала берді білімі мен тәрбиесі қатар жүретін ұстаздардың әсері болатынын түсіндік.

Енді Абай осы қара сөзін өз өмір тәжірибесінен алғанын көреміз. Олай дейтініміз, сегіз жасында Абай ауыл молдасы Ғабитханнан үш жылдай оқып, мұсылманша сауат ашады. Он бір жасында оны әкесі Семей қаласында Ғабдул Жаппар деген татар молдасына беріп, көп ұзамай одан шығарып, Ахмет Риза медресесінде Қамариддин атты ұстазға үш жыл оқуға береді. Содан он бес жасқа келгенде әкесі Құнанбай Абайды үйлендіріп, он алты жасында әке атанып, жиырма бір жасында болыс болған. Буыны қатпаған Абайды әкесі Құнанбай ең алғаш мұсылманша сауат ашу үшін оқуға бергендігі, оның тәрбиенің басы – имандылықта екенін анық білген.

Қазіргінің жастары төл тарихымызды, әдебиетімізді білмейді, білейін деген ниеті де жоқ, не білейін деп те оқымайды, оқыса түсініп парқына жетпейді, түсінгеннің өзінде бойына сіңіріп, аталарындай болмаса да ұқсап бағу жоқ.

Қара басынан ұлт мүддесін жоғары қойған халқымыздың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінде: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі... Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқу ісімен түзеледі.

Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең, құл болмақшы. Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.

Бір нәрсені істегенде, сол істі істей білетін адам істесе, шапшаң да, жақсы да істейді. Бұл жалғыз қол ісі емес. Ми ісінде де солай...

Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайырылар, қалық түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі – бәрінен бұрын ескіріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс». Міне, Алаш зиялысы да адамға ең алғаш білім керектігін, ол білімді жұрт деп отырғаны ата-ана, ұстаз екендігі, «Балам деген жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» депотырғаны сол. Сол кезде бала елім деп, жерім деп өседі. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдасы тигені», - деген.

Кейінгі жас ерекшілік 18 бен 35 жас. Абай жиырма бір жасында болған болыстығын арада үзілістермен, шамамен 35 жасына дейін жалғастырған. Енді біздің заманымызға тура келгендей, жоғарғы оқу орнында төрт-бес жыл, екі жыл магистратура, докторантура, осы аралықтарда үйленуі бар (бәрі бірдей емес, әрине), жалпы алғанда 18 жастан 35 жас аралығында болатын дүниелер.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Sofa29122005
Sofa29122005
22.06.2022 02:39

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай  байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы  борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді  ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен  міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!

Туған өлкем байлығы мол қазынам,

Сол байлықтың шуағында шомылам.

Бәрінен де артық көрем мен сені,

Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.

Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,

Аң мен құсын арыстандай көремін.

Туған өлкем ол менің жер жәннатым,

Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды  аялайық та, сүйе білейік!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота