Денеге горизонталь бағыт бойынша күштер әрекет етеді:10 Н және 15 Н. Осы күштерді салыңыздар. Суреттің неше үлгісін сала аласыздар. Теңәрекетті күш неге тең?
2. Денеге вертикаль бағыт бойынша күштер әрекет етеді: 10 Н және 0,2 кН. Осы күштерді салыңыздар. Суреттің неше үлгісін сала аласыздар. Теңәрекетті күш неге тең?
3. Денеге бір түзудің бойымен 20 кН және 30 кН екі күш әсер етеді. Осы күштерді олардың теңәрекетті күштері 10 кН және 50 кН болғандағы жағдай үшін график түрінде кескіндеңіздер
1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
Менің сүйікті актерім.
Менің сүйікті актерім Азат Райымбекұлы Сейтметов — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған.
Сахнадағы негізгі рөлдерінің ішінде М.Әуезовтің «Абайында», «Қарагөзінде», «Еңлік - Кебегінде», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» т.б., сонымен қатар «Періште», «Балалық шағымның аспаны», «Анаға апарар жол» секілді фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.
2016 жылы Seoul International Drama Awards – телевизиялық фильмдер мен актерлердің, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерінің жыл сайын өтетін бәйгесінде «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен «Жылдың үздік актері» номинациясында жеңімпазы атанды.Байқауда Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен қоса, әлемнің елуден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынды.