Дербес пікір жазу тәсілін қолданып мәтін мазмұны бойынша пікірлеріңді жазыңдар 1 өзіндік пікір (идея) :бір сөйлем Дәлел :2 сөйлем
Өз пікірін айғақтайтын мысал :2 сөйлем
Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал:2 сөйлем
Қорытынды :2 сөйлем құралуы керек
Ұлтық музей тема
Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйівде тудырган. Сондықтан да бұларды халыктынтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өнделіп, сұрыпталған, оган ұжым болып творче-стволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кеткен.