В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nekit1205
nekit1205
18.08.2021 19:59 •  Қазақ тiлi

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен
қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы
мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері
әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық,
екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі
бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға
көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен
сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл
бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
«Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы»,
«Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның
басында», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос».
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге
ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере
алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу —
өмірлік мақсаттардың бірі.
Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу
оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік
ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп
болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық деген сезім сені
шынайылыққа, адалдыққа үйретеді.
Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Нағыз
шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарымқатынасын
қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен
қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи
өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап,
суландырып тұрсақ, арадан қанша уақыт өтсе де, ол ағашымыз жайқалып,
жапырақтары қаулап өседі. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен
болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда зор
жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды тануға болады. Адам өзі қандай
болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады.
Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып,
ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос
бола білуіңізді ойлау қажет.

1-тапсырма
Мәтіннен мына сөздерді сәйкес мағыналарын табыңыз.
Адамға - [1]
Көмектеседі - [1]
Зор - [1]
Жау - [1]
Керек - [1]​

Показать ответ
Ответ:
11cat13
11cat13
09.09.2022 09:06

қазақстан республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық үкіметі негізгі бет жаңалықтар мемлекеттік рәміздер бос орындар байланыс ақпараты құрылым сайт картасы кері байланыс ақпараты құрылым ереже қабылдау кестесі шиелі аудандық мәслихаты құрылым ереже қабылдау кестесі шиелі аудандық мәслихаты құрылымы ереже қабылдау кестесі шиелі ауданы бойынша салық комитеті сырым аудандық аумақтық органдары алматы қаласының әкімі ахметжан есімов европалық одақ кәсіпкерлердің назарына техникалық қолдау бизнестің экономикадағы үлесі биыл мектепке барса да ты

0,0(0 оценок)
Ответ:
masloshick
masloshick
02.09.2020 10:37

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота