В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Pixelia
Pixelia
20.03.2023 06:11 •  Қазақ тiлi

Драмада негізгі кейіпкерлердің (Ф.И. Голощекин мен Ғ. Мүсірепов) бейнелері арқылы тарихи шындықтың қалай бағаланғанын салыстырып эссе жазыңыз. (500 сөз)

Показать ответ
Ответ:
Selch
Selch
10.06.2022 18:26

Хайуанаттар бағында.

Бүгін жаздың шуақты жексенбілерінің бірі еді.Кішкентай Фатима үстіне әдемі көйлегін,басына көбелектері бар қалпағын киіп кіреберісте былай да былай жүр.Бүгін анасы екеуі хайуанаттар бағына баратын боп жоспарлаған еді.Тек анасы сәл кешігіп жатыр.Әне-міне деп хайуанаттар бағына да келіп жетті.Анасы қызына қарап:"Ал,саяхатымызды бастаймыз!" деп басынан сипады.Фатима болса шапалақтап,орнынан секірді.Не дегенмен,ол өмірінде алғаш рет жан-жануарларды,құстарды, қосмекенділер мен жорғалаушыларды өз көзімен көргелі тұр ғой.

Хайуанаттар саябағында талай қызық болды.Кішкентай маймылдар Фатиманы көріп билеп берді.Фатима болса,олардың биін күлкілі етіп қайталап шықты.Тордағы арыстанды өзіне шақырып,енді ол жақындай бергенде анасының артына тығылып кетті.Ал неше түрлі жыландарды көргенде қорқып,жылап та алды.Оған құстар қатты ұнады.Әсіресе,түйеқұсқа жидек бергенде қуанышында шек болмады.Ал мүйізтұмсықтардың мүйіздеріне қызықтай қарады.Өз қолынан тамақ та беріп үлгерді.Осылайша шаршаған анасы мен қызы үйге қайтуды жөн көреді.Жол бойы Фатима бақтан алған айрықша әсерін айтып,тағы да келуін анасынан өтініп сұраған еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hshdk
hshdk
15.09.2022 18:28
Жиренше шешен (XV) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Дегенмен, қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік саяси өміріне жүйрік тарихшысы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында өзі туралы былай дейді: «Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата тегім? Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарашасымын. Жылым иіртек, сексен беске келдім. Бойым ұзын, қара торы, қоңқақ мұрын, кең иықты, қап сақалды, ұзын қасты, кем сөзді жанмын». Жиренше шешен есімі, ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен берік орын алған. Ол туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздіктің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен дербес Қазақ хандығын құру үшін ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15–16 ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуімен ортақ мұраға айналып кеткен. Ол туралы өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа, түркі тілдес халықтардың біразының фольклорында оның есімі кездеседі. Мысалы қарақалпақта Жиренше шешен, қырғызда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі — Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ел ауызындағы Жиренше шешен аңызын қолжазбасына түсірген ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды. Ол: «Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр¬кінін білемін деп іздегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха¬нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота