Ең алдымен «Сәлеметсіз бе? Менің атым - Грейс, Мен Таразда тура Тараз әдемі қала. Рақмет!» деген сөздерді үйрендім. Кала бірден там
Тал-терегі, ағашы көп екен. Адамдары да қонақжай, бауырмал. Содан сон ба
қаланың, ауа райы ұнады. Қазақ тілін үйрену алғашында қиынға сокты. Ма-
лімдерге рақмет. Қазақ тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалған
(Филиппиннен келген Грейс Педригалың жазбасы)
5. Тіл туралы нақыл сөздермен танысыңдар. Жұпта бір-бірімен талқыландар. Те
тесін толтырыңдар,
Нақыл сөздер
Түсіндірме (комментарий)
Тіл – достықтың, алтын көпірі,
Тіл – ақылдың, өлшемі,
Одеп басы – тіл,
Аузы құлып сандықты тір
ашпаса, тіл ашады,
Қазақ тілін үйреніп жүрген Өзге ұлт өкіліне ДОСТЫҚ Көнілдерінді білдіріп, хат жазыңдар.
Хат мотіиініп, кіріспесінде өздерін, жаттаған Елбасы Н.Назарбаевтың, сузінен үзінді, не
гізгі бөлімінде төмендегі сөздер болсын, Сойында өздерінді таныстыруды ұмытпаңдар.
Мұратынызға жетіңіз! Сәттілік тілеймін! Мерейініз үстем болсын! Нұр жау-
Сын! Айыңыз оңынан тусын!
Хат
Құрметті,Ақтан жас!Сен туралы,сенің өмірің жайлы өр ақын Дулат Бабатайұлының өлеңінен білдім.Сен жетім баласың,болашағың бұлыңғыр.Бірақ мен бір құпияны білдім.Саған хат жазуымның себебі де сол - маған сыры мәлім болған бір құпияны сенімен бөлісу еді.
Дулат Бабатайұлы жырлаған секілді сен жалғыз емессің.Сенің қасыңда халқың бар.Шынымен де,ақын айтқандай қажыма.Себебі,мен білген құпияның мәнісі - мейлі сен жетім бол,мейлі кедей,мейлі бай бол,егер сен халқыңның жанашыры бола білсең ешқандай қиындықтан жеңілмейсің,бір шыңнан топ жарып шығасың,Сондықтан да,мойыма,алға жылжы дегім келеді."Атаңның баласы болма,а бол" дегендей,еліңнің қамын жеп,елдің адамы бол дегім келеді.Адамдар тек қана жақсы және жаман боп бөлінеді.Басқаша бөлінбейді.Өмірде сенің жетімдігің маңызды емес.Маңыздысы сенің жақсы адам болғаның,басқаларға тек жақсылық жасағаның.Сол себепті,мен де сенің болашағыңа үлкен үміт артып,сенімен бірге белестерді бағындырғым келеді.Біз жас болсақ та,біздің арманымыз асқақ,мақсатымыз айқын ғой.
(Сенің есімің/твоё имя).
Қосымша:
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық - жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
"Электр энергиясы" жайлы диалог құрастыру.
Санжар: Әке, қолыңыз бос болса, көмегіңіз керек еді?
Әкесі: Иә, балам. Қандай көмек, айта бер.
Санжар: "Электр энергиясы және оны үнемдеу" тақырыбына шағын хабарлама әзірлеу керек.
Әкесі: Балам, бүгінгі таңда электр энергиясы қоғам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазір өмірімізді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Дегенмен, "судың да сұрауы бар" демекші, электр энергиясын үнемдеу қажет.
Санжар: Сонда электр энергиясын үнемдеудің қандай жолдары бар?
Әкесі: Мысалға, бөлмеден немесе үйден шығарда шамның барлығын сөндіріп тек қажет уақытында қосып жүру керек; желдеткіш пен кондиционерді жиі пайдаланбай, кей кездері терезені ашқан да жеткілікті болады; Тамақты жылыту керек болған жағдайда электр пешінің орнына микротолқынды пешті қолдану т.б.
Санжар: Әке, ал біз үйде электр энергиясын қалай үнемдейміз, сол туралы толығырақ айтып берсеңіз?
Әкесі: Біз үйде ең алдымен энергия үнемдегіш шамдарды пайдаланамыз. Сонымен қатар, айтып өткенімдей, шамды тек қажет уақытында қосамыз және су жылытқышты тек қажет уақытында ғана қатты қыздырып, басқа уақытта ең төменгі деңгейінде қолданамыз.
Санжар: Әке, көмегіңізге көп рахмет!
Әкесі: Оқасы жоқ, балам.