Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, қар түседі. Бірінші көрші таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза. Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, қараса - көршісінің жолы тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде – жолы тағы да түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні олар көшеде кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
- Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң қалады да, соңынан күліп жібереді:
- Мен оны тіпті де жинамаймын – маған достарым келеді!
№ Сұрақ Жауап
1 Бірінші көрші қарды тазалауға қай мезгілде шығады?
2 Мәтінді қалай атауға болады?
3 Бірінші көрші қандай адам?
4 Екінші көрші не деді?
5 Мәтіннің қорытындысы бойынша қандай мақал-мәтел сай?
Орман
Қазақстанда көптеген керемет ормандар бар.Олар өте әдемі, ауасы таза, жан-жануарларға толы ормандар.Дегенімен соның ішінде көп адамдар жан-жақтан келіп көретін, ол Алматының жанындағы орман.Ол жерде тек ағаштар мен жануарлар емес, қасында көлі де бар.Адамдар қайыққа отырып сол көлді айналып шығады.Бұл өте әдемі.Себебі, олар бұны көрмеген.Ал біз керісінше сондай жерде тұрып, олардың орындарына шет елдерге барғымыз келеді.Ал қолымызда тұрған қаншама гектар жердің қадірін білмейміз.Мен жазда сол орманға бүкіл отбасымен барсам деген ойым бар.Сіздерді де шақырамын.
А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер.Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде.Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды. Тіпті мансапқұмарлық, шенқұмарлық, жалқаулық тәрізді қасиеттер де оны райынан қайтарып, теріс жолға еліктіріп кете алмайды. Ондай адам пайғамбарымыздың сүннетінен сусындаған мұсылмандық тәрбиеге беріктік танытады. Нәпсіге тән бірбеткей мінезді осылай тезге салғанда ғана ол тура жолда табандылық таныту, ақиқатқа бас ұру тәрізді ізгі қасиеттерге кенеле түседі.Бұлай өмір сүрген жан уақыт өте келе құрметті мәртебеге қол жеткізеді.