Ел болам десең бесігіңді түзе. Терминдер, тұрақты тіркестер. Ел болам десең бесігіңді түзе Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді ата қазақ. Яғни, тәрбиені қазақ халқы бала туғаннан бастаған. М.Жұмабаевтың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақ бойында адалдық, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы жоғары. Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық! «Ел болам десең, бесігіңді түзе! ». Бұл ұлағатты ұғым адамды ең алдымен салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызға тән қасиеттерді қадірлеуге жетелейді. Бала тәрбиесінде – Бесіктің атқарар міндеті өте зор. Сәби бесікте жатып, анасы айтқан «Бесік жырын» тыңдап өседі. Тәрбиенің ең алғашқы сатысы да осы «Бесік жырынан» басталады. «Бесік жырында» анасы «Балам өскенде батыр бол, еліңе қорған бол, халқына жақын бол, адал азамат бол, ісмер бол, өнерлі бол» - деген сияқты өнегелі жыр жолдарын айтады. Ел басы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» – деп жариялады. Ел боламыз десек жастарымыз тәрбиелі, терең білімді болуы керек. Жастар еліміздің жарқын болашағы. Сөйлесім
1. Адамның жақсы қасиеттеріне қатысты тұрақты тіркестерді жазып келіңіз. 2. Сұрақтарға жауап жазыңыз: - «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенде нені түзеу керек? - Адам үшін, мемлекет үшін ұрпақ тәрбиесі не себепті маңызды? - Қазақта «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы» деген сөз бар. Не түсіндіңіз? Келісесіз бе?
3. Термин сөздерді еске түсіріңіз. Бірнеше саланың терминдеріне мысалдар келтіріңіз.
4. Өз мамандығыңыз бойынша 5 терминді түсіндіріп жазып келіңіз.
5. Мәтінді мазмұндаңыз.
1. Мұхтар Әуезов - кім?
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері .
2. Мұхтар Әуезовтің қандай шығармаларын білесің?
Абай жолы мен Көксерек
3. «Көксерек» көркем фильмін көрдің бе?
Ия
4. Қасқырды қолда асырауға бола ма?
Жоқ себебі қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан.
ЖАЗЫЛЫМ. АЙТЫЛЫМ
7-тапсырма. Мәтінді оқып, шығарманың композициялық құрылымын
анықта.
1. Оқиғаның басталуы:
Қасқырдың күшігі
2. Дамуы:
Қасқыр күшігінің Көксерекке айналуы
3. Шиеленісуі:
Көксеректің қасқырға ұқсай бастауы
5. Шарықтау шегі:
Көксеректің қасқырға айналуы
6. Шешімі:
Көксеректің ауылдан кетуі
Объяснение:
дұрыс жауап
Ежелгі түркілер өмір сүрген Ұлы дала.
Орта Азия – түркілер үшін қасиетті мекен. Өйткені,бұл жерден барлық түркі халықтары мен тайпалары өз бастауларын алады, олардың мәдениеттері мен тарихтары бірігеді. Түркілер көне заманда Хан Тәңірі мен Алтайды мекен еткен.Еуразияны жалпылама зерттеу барысында түркілер туралы, олардың тұрмыс-тіршілігі,соғыс әрекеті туралы ескерткіштер мен мәліметтер көптеп қалған.Осы бір ұлан-байтақ жерді мекен еткен түркілер ағылшындар,испан және голландықтар секілді өздері бастап халықты қырып,жоймаған.Керісінше,көрші елдермен бейбіт,мәдени және сауда-саттық қарым-қатынаста болған делінген.Қазіргі таңда түркілер туралы жазылған еңбектерден және олардың өмірінен мәлімет беретін картиналардан сауыт-сайман мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола,күміс,алтын сияқты металдарды қолданғандығын көре аламыз.Ұлы дала көшпенділері сонымен қатар,өзіндік айшықты аңдық стильдерін жалпақ жұртқа таратқан,дамытқан.
Объяснение: