Елбасы Н.Ә.Назарбаев : «Екіжақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы басым бағыт- Ресей Федерациясымен қарым- қатынасты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси- экономикалық рөлімен және ұзаққа созылған ортақ шегарамен шартталады. Ресей- республикамыздың ең ірі сауда серіктесі.Көптеген халықаралық мәселе бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне , екі ел азаматтары арасындағы достық , туыстық қатынастарбар. Бұл Ресейді қазақстанның табиғи әрі заңды одақтасы етеді»,- деп атап өтті. Бүгінде қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптестер. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді экономикалық қатынастар даиуының жандана түсуі, біріншіден , екі ел экономикасының құрылымдылық ұқсастығы мен өзара тәуелділігі.Екіншіден, Қазақстан мен Ресейдің мол табиғи ресурстары мен қазба байлығы. Үшіншіден , екі ел арасындағы ауқымды сауда көлемі. Және тағы бір атап өтерлігі- әлемдік экономикалық жүйеге ену шарттарының ұқсастығы.
1-тапсырма. Мәтіндегі екі ел ынтымақтастығының негізгі себептерін тірексызба арқылы түсіндіріңдер.
Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мамандық тандау - өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз. Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.