В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
4433225566
4433225566
06.12.2021 04:08 •  Қазақ тiлi

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өткені белгілі. Ұлы даланың қас перзенті – қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі, сол жолда елін бастап, ту көтерген бабаларымыздың өшпес есімдері біз үшін қашанда қасиетті. Өйткені асыл шежірені, ардақты есімдерді ұрпағымыздың ұлттық мақтанышына айналдыру біздің кезек күттірмес парызымыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай, «Мәңгілік Ел» болу идеясына үлес қосу әркімнің өз қолында. Бұл үшін Қазақстанның әр азаматы өзін өзі үнемі қамшылап, үнемі алға ұмтылуы керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Өйткені «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын». Олай болса, Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша қазақстандықтарды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. «Мәңгілік елдің» өміршеңдігі соншалықты, қазіргі кезде де өз жалғасын тауып, Мөде, Бумын, Білге, Күлтегін сияқты қағандарымыздың ісін мұра ретінде қабылдаған Елбасымыз осы идеяны өз отандастарына жария етіп, қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында: «Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі», — деген тұжырымы біздің елімізге өз үлесімізді қосуға міндеттейді.

Қорыта айтқанда, бүгінгі қазақ елінің ұлттық идеясы «Мәңгілік Ел» ұғымы сонау көне тарихтан бері ұлттық рухтың тарихи бейнесіне, ұлттық идеяның ұранына айналған «Алаш», «Қазақ» идеясының мұрагері болып табылады.

Қырықбай Күләш Мұхатайқызы

1. Оқылым мәтінінің мазмұнын ашатындай қандай тақырып қоюға болады? Неліктен? [2]

2. Мәтіннің жанры қандай? Не себепті? [2]

3. Мәтіннің стилі қандай? Не себепті? [2]

4. Мәңгілік елдің өміршеңдегі туралы қай бөлікте жазылғандығын табыңыз [1]

5. Мәтін ішінен жалқы есімдерді табыңыз (кемінде 3 сөз) [1]

6. Оқылым мәтінен дыбыс саны мен әріп санында өзгешелігі бар сөздерді теріп жазыңыз.( кемінде 3 сөз) [1]

7. Төменде берілген сөздерді морфологиялық принцип бойынша жазыңыз

Қазақстан, мүдде, халқына, насихаттау, үлкен. [1]

Показать ответ
Ответ:
barbara27
barbara27
19.12.2020 10:40

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

0,0(0 оценок)
Ответ:
Himop
Himop
23.02.2021 15:25

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.

Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.

Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота