В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ozeplay
Ozeplay
05.08.2021 02:47 •  Қазақ тiлi

. Емле бойынша дұрыс жазылған күрделі жалқы есім А) «балдырған» журналы
В) балдырған журналы
С) Менің атым Қожа хикаяты
Д) «абай жолы» романы
Е) «Абай жолы» романы

2. Термин сөздер
А) Отарба, ұрын бару
В) диалект, садақ
С) эвфемизм, дисфемизм
Д) адырна, найза
Е) сауыт, айбалта

3. 60-70-тей адам жиналды деген сөйлемдегі сан есім түрін белгіле
А) реттік
В) жинақтық
С) болжалдық
Д) топтау
Е) есептік

4. Есімшенің септелген түрі
А) береке, немере
В) күліп, барғансың
С) сонау, аналардың
Д) оқуға, сенімен
Е) береріме

5. Негізгі үстеу
А) жылдам
В) күні бүгін
С) жоғары-төмен
Д) жаздыгүні
Е) балаша

6. Шылауды көрсет
А) жөнінде, беу
В) қатар, гөрі, беу
С) ғана, сайын, әрі
Д) сықылды, әлі
Е) шамалы, қысқасы

7. Еліктеу сөз
А) уақыт
В) ерлік
С) сауық
Д) жылп
Е) көрік

8. «Шапқан сайын үдей беру» күрделі сөзінің бағыныңқы сыңары
А) шапқан сайын
В) шапқан үдей
С) сайын үдей
Д) сайын беру
Е) үдей беру

9. Ашық дауыстылардан құралған сөз
А) Көкшетау
В) Ынтымақ
С) Егіз
Д) Сегіз
Е) Ырыс

10. Дара бастауышы бар сөйлем
А) Еңбегің еш кетпес деп ойлаймын.
В) Еңбек түбі – береке.
С) Шу өңірі өнімді мол береді.
Д) Сегіз қырлы, бір сырлы.
Е) Үш салт атты жүріп келеді.

11. Жай сөйлемнің қай түрі
Қаңтар, 1917 жыл.
А) атаулы
В) жалаң
С) жақсыз
Д) жақты
Е) жайылма

12.Салалас құрмалас сөйлем
А) Жер үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақ жер бетін жасырып жатыр.
В) Ел сүйсе, ер де сүйеді.
С) Теректер мен қайыңдардың шық басқан су жапырақтары табан астында былпылдап жатыр, басқан аяқтың тықыры білінбейді.
Д) Еңбек қылсаң, қара жер де береді, сені құр тастамайды.
Е) Үсен манағы пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, от шығып, мақта тұтанды.

13. Бұйрықты сөйлемді тап
А) Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен
В) Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
С) Мәуелі ағаш майысқақ.
Д) Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
Е) Өлеңі де жақсы екен.

14. Сөйлем мүшесі болып есептелмейтін оқшау сөз
А) етіс
В) сын есім
С) зат есім
Д) есімдік
Е) қаратпа

15. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлем
А) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! деді Бейсен.
В) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!, деді Бейсен.
С) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен, деді Бейсен.
Д) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен! - деді Бейсен.
Е) – Сыйласқанға ештеңе жетпейді екен!: - деді Бейсен.

16. Одағайды көрсет
А) Өзімдікі болса игі еді.
В) Охо, өлкемдегі өмір қандай!
С) Балам, ойымды таба алмадың.
Д) Мынау не деп тұр?
Е) Қой деймін, бала.

17.Сөйлемдерден омоним сөздерді тап
А) Аш жүру – денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?
В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.
С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.
Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
Е) Қаладағы тіршілік қызық екен.

18. Антоним сөзі бар мақал-мәтел
А) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.
В) Татулық – табылмас бақыт. С) Адал достық алтыннан да қымбат.
Д) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. Е) Ашуың келсе, қолың тарт.

19. Қате жазылған сөз.
А) Айдана
В) Өнерпаз
С) Даурен
Д) Кітап
Е) Бөдене

20. Дауысты дыбыстардың жасалуы
А) Өкпедегі ауаның кедергіге ұшырап шығуына.
В) Езудің кейін қарай ашылуынан.
С) Тілдің ілгері қарай созылуынан.
Д) Жақтың тар ашылуынан.
Е) Өкпедегі ауаның кедергісіз шығуынан.

21. «Еңбекшілер» деген сөздің қай буынына екпін түсіп тұр
А) еңбек
В) ші
С) бек
Д) лер
Е) ең
22. Тасымалдауға болмайтын сөз
А) туған
В) етіс
С) жаздық
Д) қағаз
Е) тұйық
23. Бөлек жазылатын сөз
А) ешқайда
В) әлдекім
С) әруақытта
Д) әркім
Е) кейбір
24. Айтылуда өзгеріске түсетін сөз
А) ақ ешкі
В) терең ой
С) дыбыс
Д) бақ қону
Е) синоним

25. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпал
А) Орынбай біліммен озады.
В) Тоқсан жасқа толды.
С) Білім басы – бейнет, соңы – зейнет.
Д) Ат екі күн иесін күтті.
Е) Жолдың екі жағы – биік.

Показать ответ
Ответ:
nikgali
nikgali
22.10.2020 11:18

қазіргі қазақстан аумағын ерте заманнан бері мекен еткен. сондықтан елді мекеннің көне тарихы сол жердің табиғатынын, тарихы болып есептелінеді. табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихы бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, қазақстан жеріндегі көне тарихи ескерткіштердің сақталуы сол жердің табиғатының болмысын анықтайды. мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді. қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері қаратау маңынан, еділдің сағасынан, бетпақдаладан, бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табылған. қола дәуірінде қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған. алтай, қаратау, жезқазған және т.б. жерлерден өндірілген темір қорытылып, қымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. сол кезде қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалары мәдениетінің қазылып алынған үлгілерінде бағалы металдардан жасалған әшекейлер көп кездеседі. оған алматыға жақын есік қорғанынан табылған «алтын киімді ң» бейнесі нақты дәлел болады. онда сақ жауынгері алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген. осындай жағдайларға байланысты қазақстан жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Asylai5A
Asylai5A
12.03.2020 03:46

Объяснение:

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толды. а Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?.

«Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік.Не бары 20 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.

Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота