Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында “алтын” сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан: түсті (алтын күз); әдемілікті (алтын қасықтай); Бұл эпитет-теңеу құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ); атақ-дәрежені (алтын жаға); қазына-байлықты (алтын сандық); жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді. Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады. Көркем әдебиетте тұрақты эпитет жиі қолданылады.[1]