Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде уайымсыз жалқаулардың бірі: О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң, дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң етті. Жалғанды жалпағынан басып, шалқып өмір сүретін жасымда ішсем – тамаққа, кисем – киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдап, қайғырып отырыпты. Оның бұл мұңын естіп қалған бір ақсақал: — Қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті. Ақсақалдың сөзін өзін мазақтағаны деп түсінген жігіт: - Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? - деп ашуланыпты. Ақсақал: — Екі көзіңді маған сатшы. Қалағаныңша алтын мен күміс берейін! – дейді. Жігіт одан да қатты ашуланып: Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын-күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың өзіңе! – депті. Осылайша ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы келген жігіт: - — Ат басындай алтын берсеңіз де, ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп айтады. Сонда барып ақсақал: — Е, балам, ендеше, адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы! Сен сияқты он екі мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай байлыққа, алтын мен күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен. 2."Ойлан,жұптас,талқыла"әдісімен оқылым материалды негізінде қорытынды пікір жазыңдар
Тіл
Адамдар туылады салып сөйлемейді олар ата ананың сөйлеу және әңгімелесуіне байланысты балаға сөйлеу қалыптасады . Олар сөйлеу келе жаман сөз сөйлеп бастамайды себебі олар әлі бала . Олар қоршаған ортасына яғни достарына , отбасына немесе көрген нәрсесіне байланысты жаңа сөздер немесе жаман сөздерді үйренеді . Адамдар тіл арқылы бір бірінің көңіл күйін түсіріп немесе көтере алады. Тілмен адамды жауаптары алуға және өзіңді жиіркенішті көрсете аласың. Егер жиіркенішті көрсеткіш келмесе өзіңді онда әдепті бол және атам қазақ айтқан " Көп сөз күміс , аз сөз алтын " деген сол үшін орнымен сөйлесең өзіңді бәріне сыйлата аласың . Ойнап сөйлесең де , ойланып сөйлеу керек . Әр қашан адамдарға жанына тимейтін сөз сөйле , ол сені жоғары етіп көрсетеді және сені сыйлайтын болады . Міне Өнер алды қызыл тіл.
Объяснение:
☆☆☆☆☆