В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ed77714
ed77714
03.07.2020 20:08 •  Қазақ тiлi

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды. Ілеге құда
түсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол
елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін
сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге
тимеген палуандар белдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бірбіріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста
ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты
шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады.
Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің
кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат
бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал
ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі
бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де,
әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен тек Қараталды
сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз
тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге
жерле», – дейді де, биік құздан етекке құлайды.
Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып
құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: «Мен
өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді
түсіндім. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам
болсын», – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш
көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен
Қаратал демімен толығып отырады екен.

Задания
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз?*
мақала
Әңгіме
Ертегі
Романнан үзінді

2)Мәтін мазмұнына сүйеніп кейіпкелерді олардың мінез ерекшелігіне сай сәйкестендір *
(варианты ответов на фото)

3). Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз? *
Мен өмірде үлкен қателік жібердім
Өмірде байлықтан жоғары күш бар
Қаратал екеумізді бірге жерле
Балқаш көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болды
Әке, мен тек Қараталды сүйемін

4)Мәтіннен ылғида сөзінің синонимін табыңыз? *
ертеде
үнемі
жақында
ілтипат

5)Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді табыңыз? *
Қырлы,Сырлы,Іле
Қоңыр,Балқаш ,Қаратал
Өзен,көл,теңіз
Іле ,Балқаш,Қаратал


Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы болыпты. Іленің көріктілі

Показать ответ
Ответ:
Education26
Education26
07.10.2021 08:24

Бір жылда 4 мезгіл болады. Әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Олар қыс, көктем, жаз, қыс мезгілдері. Әр мезгілде 3 айдан бар.

Қыс суық мезгіл. Қыста қар жауып, аяз болады. Қыстың күні бүкіл табиғат атаулы терең ұйқыға кетеді. Көктем егін алқаптары үшін ең қолайлы мезгіл. Көктемде диханшылар егін егіп жатады, себебі бұл мезгілде жауын көп жауып, айнала жасыл түске енеді. Жаз ыстық мезгіл. Жаздың күні жан-жануар атаулы қыстың қамын жасайды. Жеміс-жидек, көкөністер өсіп, балалар көшеде асыр сала ойнайды. Күз айнала сұрланған мезгіл. Күзде күн енді салқындап, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар да күзде қысқа дайындық жасайды. Мен мезгілдердің бәрін бірдей сүйемін. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өщінше керемет екенін мойындау қажет.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
2547456
2547456
17.05.2022 13:34

Эссе.

Менің отаным Қазақстан.

Әр адамда өзінің туып өскен жері болады.Менде Қазақстан,елімізде не бір байтақ жерлері,көздің жауын алатын өзіміздің 7і кереметіміз бар.Қазақстан республикасының азаматтары осы елде туылғанына қуануы керек.Себебі біздің ел тыныш ешқандай соғыссыз.Астанамыз:Нұр-сұлтан бұл қалада бәйтерек бар.Еліміздің әр қаласы өз артықшылығымен ерекшелінеді.Әрі бұл ел қонақжай.Соғыс уақытында басқа елдің адамдарымен өзінің бір түйір нанымен бөлісіп,үйлеріне кіргізген.Мен өз елімнің аспаны ашық,жарқын болуын тілеймін.Себебі мен ҚАЗАҚПЫН.Әрі отанымды сүйемін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота