Ертегідегі бос орынды қажетті сөз тіркесімен толықтыр. Аяз би
Ханға келе жатып, Жаман:
- Адамның жаманын таптыңыздар, бірақ шөп пен құстың жаманын таба алмадыңыздар. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан, - дейді. Уәзірлер себебін сұраса:
- Хан алдында айтамын, - деп Жаман айтпады. Уәзірлер келген соң, хан:
- Адамдарың жарайды, бірақ, - дейді хан, - құс пен шөптің жаманын таба алмадыңдар. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел, - деп, хан уәзірлерге ... . Сонда уәзірлер:
- Тақсыр, біз, шеңгелді мен ..., бірақ мына жаман адам: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», - деді.
1)ашулана бастайды
2)қырғауылды алдық