Ертегідегі оқиғалар реттілігін анықтаңыз. Үзінділер
Сюжетін
фабуласы
Уәзірлері өзара акылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп,
шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі тікен, арасынан жүрсе, киім
жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой»,-деп, шеңгелді
алады
Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың
етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тері тымағы бар бір адам он
шақты қойды бағып жүр екен.
Сен қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді
бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын,
шөптің жаманын және құстың жаманын тауып келіңдер!
-Түсінікті Адамның жаманы керек болса, мен боламын,-дейді
Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз,
құстың жаманы осы екен»,-деп, Қырғауылды атып алады
тапсырма
Үзіндіні мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
сеганда айпа табатын акыты данышпан еді. Әркімнін
борса
Жайылма сөйлем — жалаң сөйлемнің құрамындағы бастауышты не баяндауышты, не түгелдей сөйлемді түсіндіру үшін құрамына тұрлаусыз мүшелердің біреуі немесе бірнешеуі енгізілу арқылы жасалған жай сөйлемнің түрі. Жайылма сөйлем жасаудың бірнеше жолдары бар. Тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің төңірегіне топталады. Мысалы, “Еріншек егіншіден елгезек масақшы артық” (мақал). Осындағы “елгезек” сөзі “масақшы” сөзінің (бастауыштың) анықтауышы болып тұр. Сондай-ақ, “Адамның алып анасы — қара жер перзентін құшағына бір алады” (М.Иманжанов) сөйлеміндегі бастауыш қызметінде “жер”, оның анықтауышы “қара”, айқындауышы “ана” болып тұр. Ал “ана” сөзінің анықтауышы ретінде “алып” және “адамның” сөздері қызмет атқарады. Екінші жағынан, “құшағына алады” тіркесі баяндауыш бола тұрып, тура толықтауышты (“перзентін”) керек етеді. Жайылма сөйлем құрамындағы сөздер өзара әр түрлі синтаксистік байланыста болады. Мысалы, меңгере байланысу (“перзентін құшағына алады”), матаса байланысу (“адамның анасы”), қабыса байланысу (“алып анасы”), т.б. Тұтас сөйлемге қатысты сөздердің енгізілуі де жайылма сөйлемнің құрылуына себепші болады: “Екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі кемпірлер де келді” (Б.Майлин). Осындағы “екі қолын артқа ұстап, еңкеңдеп кәрі” деген сөз тізбегі — жалаң сөйлем болғалы тұрған сөйлемнің жайылма болуының белгісі. Оқшау, қаратпа, қыстырма сөздердің кірістірілуі де сөйлемнің жайылма болуына жағдай жасайды. Мысалы, “Осының өзіне елтіп, еліктеп, таусыла таңдануына қарағанда, бұның машығы өзі айтқан “жора-бозаның” төңірегіндегі желік сияқты” (Т.Әлімқұлов).“ — Ой, мынаны өзім еңдеп жүр едім ғой! — Ә, не дейді?” (Жайс. Молдағалиев). Мұндай құрылымдар жазылуындағы тыныс белгілеріне сәйкес ауызша өздеріне тән айырым интонациямен айтылып, оқылады. Жайылма сөйлем құрауға сөйлемнің мүшелену заңдылықтарының да тікелей қатысы бар. Оның мәнісі: бастауыштың немесе баяндауыштың төңірегінде бір не екі сөз ғана топтаспайды, өз ішінде бірнеше сөйлем мүшесіне ажыратуға болатын сөздер тобы, яғни мағыналық бөлшек болуы әбден мүмкін.
Жалаң сөйлем— тек тұрлаулы мүшеден ғана құралған жай сөйлемнің түрі.
Жалаң сөйлем тек қана бастауыштан немесе тек қана баяндауыштан тұруы, я болмаса қос тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнен болуы да мүмкін. Жалаң сөйлемнің басты белгісі — бір тұрлаулы мүшенің немесе екі тұрлаулы мүшенің жай сөйлемге тән хабарламаны қамти алатындығы және сөйлемнің тұтастығы болып табылады. Тарихи жағынан алғанда, жалаң сөйлем сөйлемнің басқа түрлерінен ерте қалыптасқан. Жалаң сөйлем сөз таптарының қатысына қарай есімді де, етістікті де бола береді
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.