В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
гость66666
гость66666
20.07.2021 01:00 •  Қазақ тiлi

Ертегі құрау өз ойдан мне

Показать ответ
Ответ:
lvo2010w
lvo2010w
11.02.2021 15:30

Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты. Жақсы. Онда келістік. Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, оттың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай кезде бала кездегі ата-анамның ортасында еш алаңсыз отыратын кездерім есіме түседі. Анашым, ал, ертегіңізді бастаңыз. Қызымның қызығушылыққа толы көзіне қарап, жымидым. Есіме әдемі ертегі түсті. Ертегіні жалғыз өзің ғана тыңдайсың ба? Барып, бауырларыңды шақырып кел. Қызым сүйінші сұрағандай жүгіріп кетті. Балаларым «ертегі, ертегі!» деп қуана айқайлап жүгірісіп келді. Айнала отыра қалып, менің аузымды бақты. Ертеде бір қыз болыпты. Ол өте арманшыл болған. Өз қиялында жасап алған үйде мекен етіп, қиялындағы кейіпкерлермен тілдеседі екен. Жер бетіндегі барлық нәрсені аппақ түс сияқты қабылдайтын-ды. Аппақ ақша бұлттар, аппақ қар сияқты барлық адамзат, жер беті тап-таза деп ойлайды. Бір күні қыз әкесі мен анасының бір-бірімен сөйлеспей жүргенін байқап қалыпты. Сірә, ренжісіп қалған-ау. Олар неге ренжіскен екен? Үлкендер кейде солай бір-біріне өкпелеп қалады. Бір-бірінен кешірім сұрай салмай ма?! Біз сөйтеміз ғой...содан кейін ойнап кетеміз. ... Содан, олар татуласып па? Кішкентай арманшыл қыз ата-анасын қалай татуластырсам екен деп, түнімен терезеден жапалақтап жауған қарға қарап ойланыпты. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіпті. Таңертең тұра салып, киімдерін киіп, далаға жүгіріп шығыпты. Дала аппақ қарға ораныпты. Тура өз қиялындағы ертегі патшалығы сияқты. Қыз қарды біраз тамашалап тұрыпты да, дереу жалаң қолдарымен қарды ала жөнеліпті. Анасы қызының бұл қылығына таң қалып, «Қызым-ау, жаурадың ғой. Үйге кірсеңші. Күн жылынған соң бірақ шығып ойна» деп бәйек болады. Қызы анасын естімеген сияқты қарды жентектей береді. Бір кезде қолындағы қарды ала сала әкесіне жүгіріп барады. Әке, әке, қараңызшы, мен қардан гүл жасадым. Өтінем, осы гүлді анама сыйлаңызшы. Қазір қыс, еш жерде гүл өспейді. Қызым-ау, мынау қар ғой... Бұл қар емес, қардан жасалған гүл...жүріңізші, анама сыйлаңызшы. Бұл ғажайып гүл... Қызы табандап тұрып алған соң, әкесі көңілін қимай жентектеліп гүл бейнесіне келтірген қарды алып үйге кіреді. Анама сыйлаңыз, - деп сыбырлайды қызы. Мынау саған...қардан жасалаған гүл...қызымыз жасапты... Әдемі екен... Анасы пештің жанында тұрған. Қолын созып аппақ қар гүлді алды. Жүзіне жылу жүгірді. Адамның қолы мен үйдегі жылу қар гүлді еріте бастады. Су тамшылай бастайды. Әке, әке, гүлді ұстаңыз. Әйтпесе ол қазір еріп құлап қалады. Міне мен де ұстаймын. Үш алақанға қонған аппақ қар гүлі тез ери бастады. Еріп-еріп жерге тамшылап жатты. Суыққа қызарған алақандар қалды. Қардың суық суы қыздың әкесі мен анасының ренішін жуып кеткен сияқты. Қыз қатты қуанып кетті. Айттым ғой, ол ғажайып гүл деп...ертегі осымен бітті. Бітті ме? Ата-анасы татуласып па? Иә. Жақсы болды ғой. Мен тәтеммен ренжісіп қалсам, сондай гүл сыйласам бола ма? Мен жымиып қана қойдым. Ес кіріп қалған қыздарым бір сәтке қиялдап кеткендері анық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота