В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Karinarikfeeet
Karinarikfeeet
17.02.2020 18:47 •  Қазақ тiлi

есіңе мені алғайсың
нұр жауып тұрған көктемде
гүл тере барсаң бөктерге
қоңыраулатқан аспанды
найзағай шаншып өткенде
есіңе мені алғайсың
қоңыраулатқан аспанды
найзағай шаншып өткенде
есіңе мені алғайсың

қазбауыр бұлттар маңғанда
орманға жазда барғанда
арманда мені арманда
мен бар деп мына жалғанда
есіңе мені алғайсың
арманда мені арманда
мен бар деп мына жалғанда
есіңе мені алғайсың

қараша келген шақтарда
құлазып тұрған бақтарда
жапырақ жайрап жатқанда
құрайлар сыңси қаққанда
есіңе мені алғайсың
жапырақ жайрап жатқанда
құрайлар сыңси қаққанда
есіңе мені алғайсың
ақ ұлпа жерді жапқанда
ағаштар сырға таққанда бозарып атқан ақ таңда
бозарып тұрып ақпанда
есіңе мені алғайсың
жапырақ жайрап жатқанда
құрайлар сыңси қаққанда
есіңе мені алғайсың
жапырақ жайрап жатқанда
құрайлар сыңси қаққанда
есіңе мені алғайсың
* - ** напишите та перевод стихотворения

Показать ответ
Ответ:
алинкаблн
алинкаблн
29.04.2021 15:08
Менің отбасымдағы міндеттерім,
Менің отбасымда тамаша дәстүрлер бар,Қандай да бір мерекелерді бірге өткізу,Жақында апамның туған күні өтті,Біз дастарқанға дәмді тамақтар қойып,апама жақсы тілектеп айтып,караокемен ән орындадық,Туған күн өте қызықты өтті,2,Ал менің отбасымдағы бас міндетім ол сабақты жақсы оқу,ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындау,кіші інілеріме сабақ орындауға көмектесу,Үй шаруасына көмектесу ол да отбасыма үлкен көмек,үйді шаңсорғышпен тазалау,ыдыстар жуу тағы да басқа шаруалар,3,Ата көрген оқ жанар,ана көрген тон пішер демекші,тәрбие отбасынан басталады,Ата-анамның берген ақылы,үйреткен дәрістері,осының бәрі өмірде керек деп ойлаймын,
0,0(0 оценок)
Ответ:
CassyBelka
CassyBelka
25.07.2022 18:21
Төл – ауыл шаруашылық малдарының өсіп-даму процесіндегі жыныстық жағынан толық жетілмеген ұрпағы.

Әр түлік Төлінің өз атауы бар:түйе төлі – бота, жылқы төлі – құлын, сиыр төлі – бұзау, қой төлі – қозы, ешкі төлі –лақ деп аталады. Түйе, бие, сиыр, әдетте жалқы Төл, қой орта есеппен 1 – 2 қозы, ешкі жылына екі рет 3 – 4 лақ туады. Сүтқоректі жануарлардың Төлінің ең маңызды өсіп-жетілу мерзімі – олардың өсу қарқыны барынша жоғары болатын сүт ему кезеңі. Туылғаннан кейін алғашқы 2 – 3 аптада Төлдер тек қана ене сүтімен қоректенеді. Ірі қара (сиыр,жылқы, түйе)

Төлдері алғашқы 6 айда туылған кездегі салмағын орта есеппен 5 – 6 есе арттыратын болса, ұсақ малдардың (қой, ешкі) Төлдері бұл деңгейге 4 – 4,5 айда, енелерінен ажыратылғанға дейін жетеді. Осыдан кейінгі кезеңде олардың өсу қарқыны төмендеп, бағылу-азықтандырылу жағдайлары талапқа сай бола тұрса да 1 жасқа дейін салмағын 2 есеге ғана арттырады. Бір жасқа дейінгі, әсіресе, сүт ему кезеңінде Төлдерді күту-азықтандыру жұмыстарын мұқият атқару мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып, шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік береді. Төлдерді азықтандыруда кеткен кемшіліктер олардың өсіп-жетілуін тежейді немесе мүлдем орнына келмейтін өзгерістердің жүруіне әкеліп соғады (қ. Жылқы өсіру; Қой шаруашылығы; Мал шаруашылығы; Сиыр өсіру; Түйе шаруашылығы).

Түлік түрлері мен олардың өнімділік бағыттары Төлдерді күтіп-бағу әдістерін айқындауда шешуші фактор болып табылады. Мысалы, сүтті, сүтті-етті бағыттағы мүйізді ірі қара бұзаулары – енелерінен бөлек, ал етті бағыттағылар – енелерімен бірге бағылады. Қымыз, шұбат өндіруші шаруашылықтарда құлындар мен боталар алғашқы айларда енелерімен бірге бағылса, сүт сауу маусымында белгілі мерзімге енелерінен ажыратылып, желіге байланады. Төлдерге қора мен суатқа жақын жерлерден жақсы жайылым қалдырылып, олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауы қатаң қадағаланады. Төлдерді бөлек бағу оларды құнарлы азықтармен (майдаланған сұлы, арпа, ақуызды-витаминді, минералды қоспалар) қосымша қоректенуге қолайлы жағдайлар туғызады. Олардың өміршеңдігі, ересек кездегі өнімділік-тұқымдық қасиеттері шығу тегі мен бағылу-азықтандырылу жағдайларына тікелей байланысты болады. Түлік түрі мен басты өнімділік ерекшеліктеріне орай Төлдер туылғаннан кейін 1,5 жылға дейін сұрыпталып, пайдалану бағыты (асыл тұқымдық, шаруашылықтық) айқындалады. Өсімге қалдыруға жарамсыз Төлдерді жайып, қоң жинаған соң немесе бордақылаудан кейін сояды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота