Есімдік тақырыбы бойынша тест
1. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан?
С) Ешкім
Д) Олар
Е) Кейбіреу
2. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс
В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсібір, ешқашан
Е) Мынау, осыңыз, сонымен
3. Көбінесе тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрін көрсетіңіз.
А) Сұрау есімдігі
В) Жалпылау есімдігі
С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі
Е) Өздік есімдігі
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәріңіз
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
Д) Әлдекім
Е) түгел
6. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады.
А) Зат есімнің орнына қолданылса.
В) Сын есім мен сан есімнің орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
7. Сын есімнің орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) қайсыбір
В) әлдекім
С) біреу
Д) әлдеқайда
Е) кімде-кім
8. Тұлғасы өзгеріп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау
В) Оған
С) Әрне
Д) Кейбіреулер
Е) Ештеңе
9. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сендер нешеусіңдер?
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Толықтауыш
Д) Анықтауыш
Е) Пысықтауыш
10. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек.
В) Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол.
Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ.
Бүгін сыйлас көрініп
1)д 2)а 3)а 4)е 5)с 6)в 7)д 8)с 9)с 10)е