Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Сол асулары көп мақсат Қазақ хандығын тізгіндеген хандар мен батырлардың, кешегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш ұлдарының ұлы арманына айналды.
Осы бір асыл арманды ақиқатқа айналдырудың зор құрметі біздің ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.
Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады

Объяснение: