В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Вероника8381
Вероника8381
29.01.2020 21:06 •  Қазақ тiлi

Эссе Мағжан жаңашыл жастардың жүрегінде​

Показать ответ
Ответ:
artenyancz
artenyancz
15.05.2022 21:19

Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді. Өйткені қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері мол. Халқымыздың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сөздері өмір тәжірибесінен алынғаны сөзсіз. Сондықтан да қыз баланың бойында ақылдылық, инабаттылық сынды жақсы қасиеттер жастайынан қалыптасуы тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деп тегін айтпаған. Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген сөзі қыздың тәрбиесі, оның ата-анасына да көп байланысты екенін білдіріп тұрғандай.

Осы орайда қылықты қыздардың киім-киісі мен көркем сөйлеп, заман ағымына да орай бәсекеге қабілетті бойжеткендерге арналған «Сырғалым» ұйымы жұмысын бастаған. Ұйым қандай қызмет атқаруда, нендей игілікті шараларға атсалысуда деген сауалдарымызға «Сырғалым» қазақ қыздарына арналған ұлттық-мәдени ұйымының жетекшісі Құндыз Оралжанды сөзге тартқан едік. Тарқатып көрейік...

«Сырғалым» қазақ қыздарына арналған ұлттық-мәдени ұйымы 2014 жылдың 5-ші мамыры күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қабырғасында құрылған болатын. Бұл ұйымды құруға ұйытқы болған университеттегі бірқатар ұстаздарымыз бен кітапханашы апайларымыз.

Сырғалым ұйымының басты мақсаты - қазақ қыздарының бойына барынша ұлттық салт-дәстүр, тәлім-тәрбиені сіңіру. Оларға нағыз асыл аналардың ізі екенін, ұлы елдің болашағы, өшпес мұраты осы арулар арқылы ғана сақталып болашаққа қадам басатынын сезіндіру. Асыл әжелеріміз бен аяулы аналарымыздың ақылдарынан нәр алып сусындай отырып, ибалы да иманды, өнегелі, көрегенді, сыпайы да салмақты нағыз қазақ қыздарының тобын құрып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, бай дәстүрімізді бағалау негізгі мақсатымыз.

«Сырғалым» қазақ қыздарына арналған ұлттық-мәдени ұйымының басты мақсаттарының бірі ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу. Ұлт аналарына айналған асыл жандардың өмірінен үлгі-өнеге, сабақ алу. Осы мақсатта біз бірқатар іс-шаралар , әдеби-сазды кештер, тәрбиелік мәні зор кездесулер өткіздік. Әрбір өткен іс-шараның өз ерекшелігі болады. Сол секілді біз өткізген кездесулерде, қыздарымыз келген қонақтарға көкейдегі сауалдарын қойып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелерді талқылап, сұрақтарына толыққанды жауап алып, келелі мәселеден кесек ой түйіп, қорытынды шығарып келеміз. Бізде басында ұйым болып құрылған кезде он шақты қыз жұмыс жасады. Ол кезде біз үшін өзекті мәселе қыздардың орынсыз әрекеттері, үлгісіз киімдері еді. Әрине көпке күйе жақпаймыз, дегенменде университет қабарғасында қазақ қызының киім киюі, жүріс–тұрысы, бәрі–бәрі ерекше екенін көрсеткіміз келді. Соған байланысты ұлттық киімдерді күнделікті тіршіліктеде киюге болатынын көрсету барысында біз «Өзіңнен баста» атты іс-шараны қолға алған едік. Аталмыш шара әлі де жалғасып келеді, тіпті жыл өткен сайын қатарымыз толығуда. Әрі жеткен жетістіктеріміз де бар.

Әрине, әркім өз қалауына қарай киінеді. Біреуге былай киін немесе оның дұрыс емес деп айта алмаймыз. Тек біз «қазақ» екенімізді ұмытпасақ екен. Көптеген ұлттар өз ұлттық киімін мақтан тұтады. Әрі сол киімдерін дәріптеуі өте керемет. Мысалы, үндістердің сариі үнемі қолданыста шет елге қыдырса тіптен үстерінен тастамайды. Ал кәріс халқы қазірде ұлттық киімдерінің заманауи үлгілерін шығара бастады. Өздеріңіз білетіндей жопон халқы киманосын ерекше құрметтейді, онда рух бар деп есептейді. Ал неге біз өз ұлттық дүниемізден бас тартып, ашылып-шашылып немесе сонша оранып басқаның дүниесіне құштар болумыз керек. Құдайға шүкір, өз дүниеміз, ұлттық киімдеріміз, салт-дәстүр, жөн-жоралғымыз бар, ал енді содан айырылып қалмаудың қамын жасауымыз керек секілді. Халқымыздың ұлттық болмысы өзіне тән оқшау қалыппен сақталып, өзге ұлттардан дараланып тұратындығымен ерекше. Сол қатарда ұлттық киім-кешек мәдениетін ерекше атап өтер едім. Ұлттық киімдеріміз басқа халықтардың киімдеріне ұқсай бермейтін өзгеше даралығы және жарасымды сән-салтанатымен бағалы. Ғасырлар бойы тамырын үзбей, ұлтымыздың бойына жарасымды көрік сыйлаған киім мәдениетін қанық білу, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып отыруы керек. Қазір ұлттық киімдеріміздің көздің жауын алатындай небір түрлері сатылымда бар. Бағасы да қымбат емес, әрі өте әдімі. Неге соны тұтынбасқа??? Өзіңізден бастап көріңізші үйде киетін шай көйлектер, тойға киетін бүрмелі етек оюлы көйлектер, әшекейлі камзолдар керемет емес пе...

Осыдан төрт бес жыл бұрын мен ұлттық дүниелеріміз жоғалып кете ме деп қатты алаңдайтынмын. Керісінше қазір жыл өткен сайын қорқынышым сейілуде. Біздің ұлттық дүниелеріміз жаңғырып, жаңарып жаңа бір белеске көтеріліп келеді. Бұрын ұлттық нақышта өрнектелген дүниелерді табу қиын еді. Ал қазір қайда барсаңызда тауып ала аласыз. Небір шеберханалар мен ұллтық үлгіде киім тігетін сән үйлері көптеп ашылып жатыр. Сонымен қатар ұлттық дүниелерге халықтың сұранысы күн санап артып келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vika22888535
vika22888535
15.05.2022 21:19

1.Ең алғаш олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов,

Серік Сәпиев, Бекзат Саттарханов,т.б.

2.Бекзат Саттархановты, себебі Бекзат Сейілханұлы Саттарханов шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-сінде жеңіске жеткен.

Қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері.

3.Сидней Олимпиадасындағы жеңісі үшін президент Нұрсұлтан Назарбаев Бекзат Саттархановқа І дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Тарихта Бекзат «Барыс» орденінің тұңғыш иегері ретінде де қалды.

4.Өкінішке орай қайтыс болған.

Қайтыс болған күні

31 желтоқсан 2000ж (20 жас)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота