В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nasibyannn
nasibyannn
01.03.2022 09:55 •  Қазақ тiлi

Эссе: Мир биотехнологий на казахском языке! ​

Показать ответ
Ответ:
Нннннннн11
Нннннннн11
26.06.2020 08:52

Эссе: Жастар еліміздің–жарқын болашағы.

«Жастар еліміздің–жарқын болашағы» деген қанатты сөздер жиі

айтылып келеді.

Расында, қазақ елінің ертеңгі күні қазіргі жастардың қолында. Осындай

жері үшін, елі үшін күрес қазақ халқын «Мың өліп, мың тірілген» күй

кештірді, бірақ халқымыз ешкімге мойынсұнбай, тәуелсіздігі үшін, азаттығы

үшін «Ереуіл атқа ер салды». Қазақ халқының басынан «Ақтабан

Шұбырынды» заманы да өтті. Сол кездегі қилы заманның куәгерлері – Бұқар

Жырау, Абылай хан.

Абылай–халық арманын, халық мүддесін жүзеге асырған алып, асқақ

тұлға. Сондықтан, қиын-қыстау, қилы заманды бастарынан өткізіп, маңдай

терімен қол жеткізіп алған тәуелсіздікті, азаттықты сақтау – елім деп соғатын

жүрегі бар, ары мен намысы бар, жастардың міндеті, борышы.

Ал, «Қазақ» деген елдің кемел болашағын әрі қарай өркендету үшін

Қазақстан жастары білімді болуы шарт. Білім мен тәрбие егіз ұғым болғандықтан, жастар осы егіз ұғымды бірдей, жан дүниесімен санасына

сіңіруі керек. Сол тәрбиенің өзі отбасы, ошақ қасынан басталады. Ана

сүтімен, алпыс екі тамырды иітіп, бойымызға дарыған тәрбие талбесіктен

бастау алып, білім мен ұштасып, жербесікке жеткенше жалғасын табады.

Осы егіз ұғымды бойына сіңіре білген жастар ғана болашақ, өркениетті елдің

кепілі болмақ.

Қазіргі таңда жастарға еліміз құшағын кең жая барлық мүмкіндікті

жасауда. Білім алып, одан әрі шыңдаймын десе, оған да жол ашық. Бұл – цифрландыру (сандық) заманы. Бұған дәлел ретінде елбасымыздың сындарлы

саясатының арқасында өркениетті елу елдің қатарына да қосылдық. Дамыған

елдермен тереземіз теңесті десек артық айтқан болмас. Тек, жастарымыз «Еріншектің ертеңі бітпеске» салынбай, жалындап, құшырлана, еңбектенсе

болғаны.

Еңбектеніп қана қоймай, «Жетелі жұрттың жеті белгісін» ар-намысымен

қорғап, сақтағаны жөн. Ал, «Жетелі жұрттың жеті белгісі» ол еліміздің

көкейінен, әрбір үйдің төрінен, әр азаматтың жүрегінен орын иемденіп,

төтенше қастерлеп, тәжім, тағзым етіп, бас иер, елдің өзіне тән, өзгеге

ұқсамайтын өзін бүкіл дүниеге паш ететін «Қазақ» деген елдің рәміздері.

Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран, Төлтұмар, Елтеңге, Ұлтжазу.

Ту. Көкірегімізді жаулар, көгілдір жылы түс қазақ елінің тұтастығы мен

бірлігін сақтайтын, «Біз деген бірегей ұғымды білдіретін құдіретті белгі».

Елтаңба. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермейтін таймас

пырақтық, болашаққа өрлеген, талмас қанаттың, құдіретті қара шаңырақты

көгілдір аспан жүзінде жүздіріп, төбемізге көтеріп жүретін ұлттық

нышанымыз.

Әнұран.Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын әр

шумаққа, тармаққа екшеп сыйғызған сұлу ән. Ел әні.

Елұран. Жігеріңді қайрап, намысыңды оятар, жалындатар құдірет күші.

Айбарыңды асқақтатар рух.

Төлтұмар. «Төлқұжат» деп айтылатын,кім екеніңді айқындатар

тұмарымыз.

Елтеңге. Тәуелсіз, Егемен еліміздің ерекше белгісі – ақша.

Ұлтжазу. Дөңгеленіп түскен қара әріптерге қарасаң, көзіне оттай

басылады. Бүкіл бітім, болмысынан иісі аңқып тұратын, кім екеніңді айтпай-

ақ айқындайтын ұлтжазудың жөні бір бөлек.

Болашаққа ұмтылған кемел елдің кез-келген азамат жастары осы

жоғарыда айшықталып көрсетілген, «Жетелі жұрттың жеті белгісін» көзінің

қарашығындай, аманаттап сақтауға міндетті.Бұл рәміздер–еліміздің аманаты.

Осы аманатты сақтауға жастарға алдымен махаббат керек. Егер жастардың

бойында елге, Отанға деген махаббат болса, аманатқа қиянат жасамайтыны

сөзсіз. «Махаббат әлемді тербетеді» деген сүбелі сөзде осыны айқындап

көрсеткендей.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқата келе, болашақтың

жалынды жастары егемен елде алған білімдерін, ел болашағының игілігі

үшін жұмсап, «Өзге елде сұлтан болмай, өз еліңде ұлтан» болып, көрсе қызарлыққа салынбай, еңбек етсе ғана талай дамыған елдердің алдында көш

ілгері жүретініміз хақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
йцуячс2
йцуячс2
31.10.2021 06:36

Менің өмірімде ең жақсы және бақытты деп мақтана алатын күнім бар. Мен үшін бұл теңізді алғаш көрген жаз күндерінің бірі еді. Мен оны бала кезінен, теледидар экранынан суреттерде жиі көретінмін және үнемі оны өз көзіммен көретінімді армандайтынмын. Олар маған мектепке бармай-ақ, жүзуге үйретті, олар бассейнде сабақтарға жазылды, бірақ маған бұл өте қызықты болып көрінді, ал теңіз - бұл өте үлкен, керемет. Адамға ессіз күйде ғашық болып, оған қайта-қайта оралуды армандау үшін теңізге қарау керек.

Алғаш рет ата-анам мен жеті жасымда теңізге демалды. Мен алдағы сапарды тағатсыздана күттім, анама заттарды жинауға көмектесіп, бір нәрсені ұмытып кеткенімізді тексеріп, уәде етілген сапар күні келгенде мен діттеген жерімізге жетуді күте алмадым.

Маған теңіз өте қатты ұнады, маған жүзу ғана емес, сонымен қатар пирстен суға секіру, жағажайда волейбол ойнау, жаңа достар табу және жай ғана көңіл көтеру ұнады. Теңіз саяхаттарының бірінде біз нағыз су астындағы алыптар сияқты көрінетін дельфиндерді де көрдік. Сондықтан мен ең жақсы күнімді еске алдым.

Объяснение:

Перевод

В моей жизни есть день, который я с гордостью могу назвать лучшим и самым счастливым. Для меня такой момент стал одним из летних дней, когда я впервые увидел море. Я часто видел его как ребенка в картинках, с экранами телевизоров и всегда мечтал, что когда-нибудь я увижу его своими глазами. Меня учили плавать перед школой, когда я был зачислен в бассейн, но мне это показалось совершенно скучным, а море - таким необычным, величественным. Нужно только один раз взглянуть на море, полюбить его до воспоминания и начать мечтать о нем, возвращаться к нему снова и снова.

Первый раз, когда мы пошли на море с моими родителями, мне было семь лет. Всю неделю я был в авангарде предстоящей поездки маме собирать вещи, проверял, не забыли ли мы, и когда наконец-то наступила обещанная поездка, я не могу позволить себе ее доставить.

Мне очень понравилось море, я любил плавать, и все еще прыгать в воду с пирсом, играть в волейбол на пляже, заводить новых друзей и веселиться. И в то же время на одной из морских прогулок нам даже удалось увидеть дельфинов, которые показали мне настоящих подводных гигантов. Поэтому я вспомнил свой лучший день.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота