В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Spale4ik
Spale4ik
29.11.2020 14:02 •  Қазақ тiлi

Эссе про заповедник казахстана с "нақ осы шақ" 60-70 слов, на казахском ​

Показать ответ
Ответ:
глупыйлолик34
глупыйлолик34
28.01.2020 21:20
Көкшетау – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан тарихи-географиялық аймақ. Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.
ИЛИ

Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. 6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды. 13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты. 17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгембай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті. 18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды. 1824 ж. 29-сәуірде Көкшетау сыртқы округі құрылып, күзден бастап округтің орталығы Көкшетау бекінісі салына бастады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіруге ұмтылған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде бастау алды. Орта жүз ханы Уәлидің жесірі Айғанымға Сырымбет тауында арнайы қыстау салынды. Осы үйде қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың балалық шағы өтті. Көкшетауда қазақтың белгілі өнерпаздары (Орынбай, Зілғара, Шөже, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, т.б.) өмірге келді. 1868 ж. Көкшетау сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын Көкшетау уезі құрылды. 1895 ж. Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі берілді. 1917 ж. Көкшетау уезінде Алашорда үкіметіне қарайтын қазақ комитеті құрылды. 1919 ж. 12-қарашада Көкшетауда Кеңес билігі орнады. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңде халқының азаттығы үшін алысқан Ә.Досов, С.Сәдуақасов, С.Шәріпов сияқты күрескерлер шықты. 1920 – 30 ж. аймақ елімізбен бірге даму кезеңінің күллі ауыртпалығын бастан кешті. Соғыс жылдарында Көкшетау өңіріне КСРО-ның еуропалық бөлігінен көптеген зауыт, фабрикалар жұмысшыларымен бірге көшіріліп әкелініп, орналастырылды. 1944 ж. 16-наурызда орталығы Көкшетау болған Көкшетау облысы құрылды. 1954 ж. басталған тың және тыңайған жерлерді игеру науқанында Көкшетау облысына Ресейден, Украинадан, Беларусьтен мыңдаған тың игерушілер әкелініп, орналастырылды. Нәтижесінде қазақ ауылдары жаңадан құрылған кеңшарлардың құрамына енгізіліп, қазақ мектептері жаппай жабыла бастады. Кеңес өкіметі дәуірінде Көкшетау Қазақстандағы аса ірі агроөнеркәсіптік аймақтардың біріне айналды. Көкше өңірі сирек кездесетін металл кендеріне бай. Мұнда уранның, алмас пен қалайының, каолиннің мол қоры бар. Сондай-ақ Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Көкшетау өңірінің тарихына Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”, Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмалары, Сәбит Мұқанов, Жұмағали Саин, Жақан Сыздықов, Еркеш Ибраһим, Сәкен Жүнісов, т.б. ақын-жазушылардың шығармалары, Манаш Қозыбаев, Жанұзақ Қасымбаев, т.б. тарихшы-ғалымдардың зерттеулері арналған.
0,0(0 оценок)
Ответ:
bauka077
bauka077
29.08.2021 19:05
Қоғам адамдардың жиынтығынан тұрады десек, сол қоғамды алға
жетелейтін ұлы тұлғалардың ролі туралы айтылып та, жазылып та жүр.
Бірақ сол ұлы тұлғалардың қоғамдағы орны, маңызды істері, болашақ
ұрпаққа әсері туралы пікірлердің әр алуан болатыны заңды құбылыс. Әр
қоғам ӛз адамын туғызады, себебі адам ӛзі ӛмір сүріп отырған ортаның
перзенті. «Барлық қоғамдық орта секілді қазақ даласы да ғасырлар
беделінде ӛзінің ұлы ұландарын туғызып отырды, бірақ олар ӛзінше ерек,
далалық табиғатқа тартатын.»-деп, кезінде атап ӛткен қазақтың біртуар
ұлы Міржақып Дулатұлы жазғандай жеке тұлғалардың арасында ұлы тұлға
дәрежесіне жеткендердің барлығында ӛзін қоршаған әлеуметтік ортаның
әсер ететіндігін дәлелдейтін факторларды тарихтан кӛптеп келтіруге
болады. [1,296]
Қазақ халқының зиялы қауымының екінші бір толқыны шыққан кез
ол-ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы болатын. Ал ол
кез қазақ халқы үшін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан ауыр,
қоғамның түсініксіз жақтары кӛбейген, соған жауап іздеген сындарлы да
қиын кезең болды. Оның негізгі ауыртпалығы сол кездегі санаулы ғана
ұлттық зиялы қауымның мойына түсті. Ұлттың ұлт болып қалуы таразыға
түскен тұста олардың ғылымның барлық салаларымен шұғылдануына тура
келді. Олай болмасқа уақыт та болмады. Себебі заман лебіне икемделу
үшін, ӛркениетті қоғам құру үшін ұлтты тығырықтан алып шығу керек
болды.
Солардың бірі, әрі бірегейі, Торғай жерінің тумасы, Ыбырай
мектебінің түлегі Міржақып Дулатұлы болатын. ХХ ғасырдың 20-30-шы
жылдарын сӛз еткенде, біз алдымен, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған
ағартушылық, демократиялық бағытты ілгері жалғастырушы әрі ақын, әрі
дарынды журналист, саяси қайраткер, шебер аудармашы Міржақып
Дулатұлы туралы айтуымыз керек.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота