В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
deadraccoon20
deadraccoon20
13.11.2020 04:09 •  Қазақ тiлi

Эссе қызыл кітәп отнем комектесінші ​

Показать ответ
Ответ:
Спирт95
Спирт95
03.02.2020 07:08

Мұқағали Мақатаев.

Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.

Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.

Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sofya0skoblova
sofya0skoblova
29.04.2023 21:48

Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]

Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.

Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота