Эссенің негізгі бөлімінде берілмеген ақпаратты анықта. Егін шаруашылығы экологиялық мәселелер туындатуы мүмкін. Егін шаруашылығы - ауыл шаруашылығы дақылдарынан сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарындағы егістік жерлердің топырағы өте құнарлы келеді. Бұл жерлерге бидай, арпа, сұлы өсіріледі. Суармалы жерлерге қауын, қарбыз, асқабақ әсіріледі. Бұл өсімдіктер күннің көзі мен суды кеп қажет етеді. Қызылорда облысының Сырдария өзенінің жағалауында бау-бақша салу жақсы дамыған. Арал теңізінің тартылуына егін шаруашылығы себепші болған .
Егін өсіру жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасайды.
Егін шаруашылығы отандық өнімдерді дамытуға пайдасын тигізеді.
ХVІІ-ХІХ ғасырда қазақтардың шаруашылығында егіншілік маңызды орын алды.
Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады.
Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді.
Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.
Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.