В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
aykmuradyan20
aykmuradyan20
09.01.2020 23:38 •  Қазақ тiлi

« ExcПо :Өнертапқыштар бәсекесі» тақырыбына эссе жазыңыздар ( 10-12 сөйлем) ​

Показать ответ
Ответ:
igvolume11
igvolume11
31.07.2022 10:06

Кішкентай кезімде еркін болған бәрі, өте жақсы ед. Айналамда жақсы адамдар көп болды, әсіресе орыс ұлтының а ға қатынасы ұнайтын. Анам қарапайым еді, сондықтан ешқашан дауыс көтермеген қайта ақылсыз әрекеттеріме сүйсіне қарайтын көрінеді қазір ойлап отырсам, ал әкем бұзық болған ау жас кезінде, оның достары көп еді, солармен еріп кететінмін. Сосын атам болған. Ия ия менің негізгі атам өте алыста тұрған, сосын біздің отбасымызда кездейсоқ танысқан кейін маған ата болып кеткен үлкен ата тұрды. Ол кісі өте мықты, көпті көрген әрі қолынан көп іс келетін адам болған, жүргізуші еді. Соның кабинасында жүріп талай жерді қыдырып жүретін кез күшті еді. Сол қарқынмен еркін өстім. Қандай іс ұнаса, соны меңгеріп кету жеңіл болатын, қысқа уақытта меңгеріп алатынмын, бірақ соңына дейін жеткізу әлі мүмкін болмай жүр қай іс болсын. Бұрын жақсы қатынасқан адамға қолымдағыны да бере салатынмын, ал қарсыласқанды соңына дейін жер қылмай тынышталғым келмейтін. Қазір оның дұрыс еместігін сәл түсіндім. Қолыңдағыны кез-келген адамға бере салуға болмайды екен, ал қарсыласқа адамның бәріне сондай жауап беру дұрыс емес екен, қоя салу немесе түсіністікпен сөйлесуге шақыру, болмаса соңына дейін кімдікі дұрыс екенін қандай жолмен болса да анықтау.

Сәл есейгенде белгілі уақыт аралығында қиын жағдай болды отбасында, сол себепті барлық еркелік пен еркіндік тыйылды. Сол жағдайлар бәріне нүкте қойғандай ед. Маған ол жағдайлардың ешқайсысы көңіл қалдырмайды, көңіл қалдыратыны, егер өз бетіңмен бір істі тындырғанда немесе жеткен жетістігің болғанда, кәдімгідей көре алмайтын адамдардың әрекеті ренжітіп тастайды. Уақыт өте келе, тіпті ешкіммен араласпай қою жөн сияқты көрінді. сосын мына бала момын дейтіндер пайда болды, ал шындығында барлық сезім іште бұрқырап жататын.

Болашақта, мен өз баламды еркін өсіргім келеді, моральдық тәртіп және салт-дәстүрден кішкене түсінік беріп, жақсы азамат болуына жағдай жасағым келед, жәй ғана жол сілтегім келед. Бұл жерде маңыздысы дәл қазіргі кезде өзімнің аяққа тұрып кетуім.

Кейбір а тәртіпсіз деп, дұрыс көңіл бөлінсе, олар тәртіпсіз емес, олар еркіндікті қалайтын тұлғалар. оларға кедергі келтірмеу керек. Қарсы жағдайда, "тәртіпсіз" болып көрінеді. Адам өмірге жаңа келгенде, ол барлық нәрсеге бейім болады, бастысы оны ұяда кімнің қалай тәрбиелегенінде сияқты.

Жақсыдан жаман туса - емі болмас, жаманнан жақсы туса - теңі болмас немесе асықты асық деме - салмағы болса - сақа болар, баланы бала деме, ақылы болса - аға болар.

Ұлттың мықты азаматтарын кішкентай балаға оқытып үйрету, олардың көздеген мақсатын түсіндіре білу, сонымен қатар адамзатқа ортақ адамгершілік түсінік пен моральдік тәртіп, жомарттық, ақкөңілділік пен жігерлілік - адамға ең керектісі осылар сияқты. Кішкентай бала қолындайғы айфонымен емес, осындай қасиеттерімен бағалануы тиіс.

0,0(0 оценок)
Ответ:
кира650
кира650
31.07.2022 10:06

Сақ патшайымы

Күні кеше жұрт асыға күткен "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынан шыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының  патшасы Кирмен шайқасады.

Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған

Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.

Шамамен б.з.д. 530-529 жылдары Мидия патшасы Кир көрші мемлекеттердің басым бөлігін өзіне қаратып, "Азия әміршісі" атанады. Осыдан кейін ол Ұлы далаға көзін тігеді. Осы бір жорықта Парсы патшасы Томиристің ері Рүстемді өлтіреді. Ал Кирдің құйтырқы әрекетінен тұтқынға түскен ұлы Спаргапис өз-өзіне қол жұмсайды.  Жақындарынан айырылған Ұлы Патшайымды қанша қайғыға батса да, нәзік жүрегін қасірке бөксе де, рухын түсірмей, ерік жігерін жинап алып, жаумен өршелене шайқасты.

Актриса Альмира Тұрсын "Томиристің" рөлін сомдады

Жаумен шешуші шайқаста Томирис патшайымымен бірге сақ-қыздары мен әйелдері де ақтық демі таусылғанша табандылықпен қарсылық көрсетті. Сақ қыздарының мұндай қанды шайқастағы ер мінезінен сескенген парсы әскері ойсырай жеңілген екен. Ұрыс даласында "Азия әміршісі" Кир патша да өлім құшады. Осы шайқастан кейін Азияның азулы мемлекеті күш-қайраты мен абыройынан айырылып, бұрынғыдай алпауыт ел бола алмаған.

Соғыста ерекше табандылық пен жігерлік танытқан сақ қыздарын тарихшы Геродот "ең қатыгез және ұлы" деп атаған. Грек тарихшысы Томирис патшайымның ерлігін қағазға түсіріп, осы күнге жеткізіп отыр.

Шайқаста Кирдің басы түсіп, Томиристің алдына әкелінеді. Сақ патшайымы тері шанашты қанмен толтыруға бұйрық беріп, Кирдің шабылған басын тастайды: "Аңсағаның қан еді, іш енді соны!" – деп айқайлады. 

Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен халқын талай таң қалдырды. Олар өз басшысы туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған. Бұл аңыз жырлар Томирис патшаның есімі ізін басқан жауынгер әйелдің есімі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, ұлы дала аспаны астында ғасырлар бойы мәңгі жасады. ( надеюсь

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота