В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
123451175
123451175
27.04.2022 07:20 •  Қазақ тiлi

Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе Ұлы Дала өркениеті – Еуразия өркениетінің басы, жалпыадамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Жалпы, «Дала» деген ұғымды шөл деп ұғуға болмайды. Бүгінгі қазақ жерінде 45000 өзен, 85000 көл атауы бар. Ал, Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары да осы далада орналасқан. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ жері – әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өлке. Осы Ұлы Далада өркениеттің орнауына себеп болған бірнеше фактор бар: Біріншіден, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол Еуропа мен Азияның қақпасы болды.
Екіншіден, Дала өркениеті біздің жыл санауымыздан 1000жыл бұрын пайда болды. 7000 км жер қамтылды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында түркі жұрты ең жүйрік аң – жылқыны қолға үйретті.
Үшіншіден, Ұлы Дала Әмудария мен Сыр арқылы Қытай-парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртіншіден, Дала баласы табиғи ортамен толық гармонияда өмір сүрді. Оған шығармашылық эволюция тән болды.
Бесіншіден, Ұлы Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда жолы ғана емес, мәдениеттердің тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның бойында 300-ге жуық қалалар мен елдімекендер болды. Яғни бұл сахарада көшпенді дала мен қала өркениеті қатар дамыды.
Алтыншыдан, «аң стиліндегі» таңғажайып зергерлік өнер дамыды.
Жетіншіден, осы Ұлы Далада салтанат құрған Түркі елі (Түркі қағанаты 551-744жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды.
Сегізіншіден, біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап Түркі елі халықаралық мәртебеге ие болды.


Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе Ұлы Дала өркениеті – Еуразия өркениетінің басы, жалпыадамзаттық өр

Показать ответ
Ответ:
ПойдемПокажу
ПойдемПокажу
30.11.2020 20:35

ответь:Түріктердің қолданбалы енерi — қала мен даланы мекендеушілердің көркем шығармашылығы мейлінше алуан түрлі болуымен ерекшеленеді. Ең алдымен көзге түсетіндері — ұсақ пластика, терракота, көркем керамика мен металл. Металл мен ағаш оюлардың көптеген сюжеттері керамикаға көшірілген. Ою өнерінде жаңа техникалық тәсілдер, атап айтқанда, жапсыру, доғал және өткір стекалар, пунсон, қалыптар игерілді. Жұқалап ойып өрнектеу мен жылтырату кеңінен дамыды. Оюлардың сюжеті де мейлінше әр түрлі: діни-магиялық сипаттағы нышандар мен эмблемалар, антро және зооморфтық мотивтер.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alya12311
Alya12311
16.06.2020 16:00

1.Лиро-эпостық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма.

2.Лиро – эпостық жырларына жататын  шығармалар:"Қыз Жібек" ,"Еңлік-Кебек","Қозы Көрпеш Баян сұлу","Қалқаман-Мамыр", "Айман-Шолпан,т.б.

3.Лиро – эпостық жырларды ғылыми тұрғыда зерттеп, құнды еңбектер жазған жазушылар өте көп.Солардың ішіне,"Еңлік-Кебек" жырының авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы, "Қозы Көрпеш Баян сұлу" жырының   орындаушылары Бекбау, Жанақ, Шөже ақындары,"Қалқаман-Мамыр" жырының авторы Шәкәрім Құдайберұлы бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота