Грамматикалық тапсырма 1. Жіктеу есімдігін табыңыз. А) Бұлар В) Қайдан? С) Ешкім Д) Олар Е) Кейбіреу 2. Күрделі есімдіктерді табыңыз. А) Күллі, барша, тегіс В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз? Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан Е) Мынау, осыңыз, соным
3. Көбіне тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрі. А) Сұрау есімдігі В) Жалпылау есімдігі С) Белгісіздік есімдігі Д) Болымсыздық есімдігі Е) Өздік есімдік
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз. А) Кіміңіз? Несі? В) Бұнысы, мынауыңыз С) Соның, анаған Д) Өздерің, өзіңіз Е) Барлығынан, бәрінің
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз. А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) Әлдекім Е) Түгел 6. Жалпылау есімдігі бар сөйлемді табыңыз. А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін. С) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға. Д) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
7. Есімдіктің неше мағыналық түрі бар?
А) 3 Б) 7 С) 6 Д) 77 Е) 5
8. Мен (есімдіктің мағыналық түрін анықта)
А) сілтеу есімдігі Б) белгісіздік С) сұрау Д) болымсыздық Е) жіктеу
9. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді табыңыз
А) Ешкімге ештеңе айтпа . В) Саған тай сатып әперемін. С) Анау- менің үйім. Д) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
10. Өздік,сілтеу,белгісіздік есімдіктер қатарын тап
А) мен,ол,сен Б) өзім,өзі,өздері С) өзі, мынау,біреу Д) өзі,кім,сол Е) өзім,өзіңіз,мен
Объяснение:
Былмим