Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Ит адамның досы ғой, талас бар ма Ортамыздан хақың жоқ аластауға Компасың боп үйіңе алып келер Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді. Алыпсоқ Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. Көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін… Көкқасқа 7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.Ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. Сол Ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп… Құмай «Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. күзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Кейін жайлауда жүргенде бірер бөтен итті атқаным бар,себебі,құтырған ит қасқыр секілді қойды тартып кете береді екен. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. Көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/510-tabigat.html
© www.ZHARAR.com
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. Көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.Ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. Сол Ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. күзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Кейін жайлауда жүргенде бірер бөтен итті атқаным бар,себебі,құтырған ит қасқыр секілді қойды тартып кете береді екен. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. Көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…