В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
алиса2343
алиса2343
09.11.2021 09:31 •  Қазақ тiлi

Халық санағын жүргізудегі қиыншылықтар • Халық санағын жүргізудің артықшылығы

• Халық санығн жүргізудің кемшілігі

• Халық санағын жүргізудің мемлекет үшін зияны

• Халық санағына қажетті экономикалық факторлар

Показать ответ
Ответ:
ната12354
ната12354
17.10.2022 10:43
1қазақ фольклорының елеулі бір арнасы –  эпос. оған тән музыкалық мақам-саздардың қазақ  мәдениетінен  алатын орны ерекше. әдеби мәтінге қарағанда музыкалық мақамның марқалау болатыны белгілі.  қазақ  эпосы негізінен екі түрлі  поэзиялық  өлшемге негізделсе (7 – 8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең), оның мақамы да осы жүйеге құрылады. қазақ музыкасындағы сырлы сазды, терең толғанысқа толы кең тынысты, әуезді әндер – 19 ғасырдан желі тартса, речитативті әуенге құрылған  эпикалық  дәстүр – алғашқы,  лирикалықәндер – соңғы құбылыс. бірақ,  дәстүртұрғысынан келгенде қазақ даласының түрлі аймақтарында олардың бәрі бірдей сақтала бермеген.  сыр бойы, атырау алқабында – эпос, жетісуда – терме,  орталық қазақстанда  кең тынысты лирикалық әндер басым ған. егер көмектессе лучший ответ қылшы п ж
0,0(0 оценок)
Ответ:
Azilll
Azilll
15.06.2021 02:20
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Сагындыковна

7 – сынып
Әдебиет пәні 

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Екі дос»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:оқушылардың есте сақтау және пайымдау қабілеттерін дамыту, тыңдау дағдыларын жетілдіру, түсінгендерін көркем сөзбен жеткізе алуға үйрету;

2. Дамытушылық: оқушыларды өз ана тілінде сауатты да мағыналы жазу қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: дос бола білуге, достықты қадірлей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: мазмұндама

Сабақтың әдіс тәсілдері: оқу, тыңдау, талдау, жазу.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Көңіл күйің қалай?».

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

ІІІ.Мазмұндама мәтінімен таныстыру:

Екі дос
Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдай жөнеліпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым не мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол -өзімнің өмірім. Досымды босатыңыз, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, -дейді. 
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: 
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. 
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын. Осыған келісесің бе?
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді жауынгер.
Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. 
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады», - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. («Ел аузынан», 219 сөз.)

Сөздік: төс қағысып, тұтқиылдан, жау қолы, малтып өту, анталаған, құн төлеу,зағип, қапыда.

Мазмұндау жоспары (оқушылармен ақылдаса отырып, бірге құрылады):Жаугершілік заман. Екі жігіттің достығы.Тұтқиылдан келген жау.Тұтқынға түсу.Құн төлеу.Сүрінбей өткен сынақ.Жаудың шегінуі. 

Мәтінді мазмұндау.(1-2 оқушы түсінгендерін әңгімелейді).

Мазмұндаманы жазу.

Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталау.


0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота