Хат кімдердің арасында жазылатынын анықта. Хат деп белгілі адамның екінші бір адамға арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант (хатты жазушы) пен адресаты (хатты қабылдаушы) болуы керек.
Хат құрылымы:
Сәлемдесу, қал-жағдай сұрау.
Өзің жайлы қызықты ақпараттармен бөлісу.
Хат жолдайтын адамға өтініш не тілек айту.
Хат соңында қоштасу және хат иесін көрсету.
Хат жіберілген күнді белгілеп жазу.
Хатты қағазға жазып, пошта арқылы жіберуге болады. Я болмаса, электронды пошта арқылы жіберуге болады.
Нақтылы адресант пен адресат арасында болуы керек.
Нақтылы хатты қабылдаушы арасында болуы керек.
Нақтылы хат жазушы арасында болуы керек.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған.
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.