Хаттағы сөздерді синонимдерімен сәйкестендір. Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау
комитетінің Павлодар облысы
бойынша экология департаментіне
Хат
Қалдықтар мәселесі қазіргі қоғамда маңызды мәселелердің бірі болып табылады және оның тиімді шешімдерінің бірі – қалдықтарды бөліп жинау. Әрине қоқысты жер қойнауына жіберуге немесе жағуға болады. Алайда ең тиімді жолы – қайта өңдеу. Біріншіден, қалдықтардың көптеген компоненттері пайдалы болып өңделуі мүмкін. Екіншіден, қоршаған ортаға зиянды әсері азаяды.
Экология департаментінің тексерістері барысында ауылдардың маңында төгуге болмайтын жерлерде үйіліп жатқан 337 қоқыс орны анықталды. Бұл жағдайды қалыпқа келтіріп, қоршаған ортаны сақтау үшін департамент мамандары тарапынан жергілікті әкімдіктерге ескертулер жіберілді, айыппұлдар салынды.
Қоқыс
Пайдалы
Қоршаған орта
Әсер
табиғат
ықпал
қалдық
тиімді, қажетті
Артқа
Тексеру

Қоқыс-қалдық; пайдалы-тиімді, қажетті; қоршаған орта-табиғат; әсер-ықпал.